Тұрлыбеков Нұржан Шалғынбайұлы

    Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы

    Тұрлыбеков Нұржан Шалғынбайұлы
    Председатель

    Тұрлыбеков Нұржан Шалғынбайұлы

    Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы

    Өмірбаян

    Тұрлыбеков Нұржан Шалғынбайұлы 1977 жылы 1 желтоқсанда Жамбыл облысы Байзақ ауданында туылған.

    Ұлты – қазақ, білімі жоғары.

    1999 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін Тамақ өнеркәсібіндегі экономика және менеджмент мамандығы бойынша бітірген.

    2011 жылы Жамбыл гуманитарлық техникалық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

    Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі Ұлттық комиссияның шешімімен «Мемлекеттік аудитор» сертификатының иегері.

    Еңбек жолын 2000 жылы Байзақ аудандық еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасында 1-ші санаттағы маман болып бастаған.

    2001-2003 жылдары ҚР ҚМ СК Жамбыл облысы, Байзақ ауданы бойынша салық комитетінің есепке алу бөлімінің маманы, жетекші маманы;

    2003-2004 жылдары ҚР ҚМ СК Жамбыл облысы, Байзақ ауданы бойынша салық комитетінің салық төлеушілермен жұмыс жүргізу және жанама салықтар бөлімінің жетекші маманы;

    2004-2005 жылдары ҚР ҚМ СК Жамбыл облысы, Байзақ ауданы бойынша салық комитетінің салық есептілігін қабылдау және өңдеу бөлімінің жетекші маманы;

    2005-2007 жылдары ҚР ҚМ СК Жамбыл облысы, Байзақ ауданы бойынша салық комитетінің салықтық аудит бөлімінің жетекші маманы;

    2007-2008 жылдары ҚР ҚМ СК Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы бойынша салық комитетінің аудит бөлімінің басшысы;

    2008-2010 жылдары ҚР ҚМ СК Жамбыл облысы бойынша Салық департаментінің салық заңнамасын түсіндіру және аппелациялар басқармасы түсіндіру бөлімінің басшысы;

    2010-2011 жылдары ҚР ҚМ СК Жамбыл облысы бойынша Салық департаментінің Т.Рысқұлов ауданы салық басқармасы басшысының орынбасары;

    2011-2018 жылдары Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі;

    2018-2019 жылдары Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының №3 мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы;

    2019-2023 жылдары Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі;

    2023-2024 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары;

    Жоғарғы аудиторлық палатасының ұсынысы бойынша және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісе отырып, Жамбыл облыстық мәслихатының 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 20-6 шешімімен Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы болып тағайындалды.

    2008 жылы Т.Рысқұлов ауданы Әкімінің Құрмет грамотасымен, 2011 жылы Жамбыл облысы бойынша салық департаментінің Алғыс хатымен, 2015 жылы Жамбыл облысының Мәслихатының Құрмет грамотасымен; 2017 жылы III-дәрежелі "Қаржы сақшысы" медалімен марапатталған. 2022 жылы Amanat" партиясының Құрмет грамотасы, 2023 жылы Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасы, 2023 жылы "Amanat" партиясының "Белсенді еңбегі үшін" төсбелгісі, 2024 жылы Жамбыл облысы әкімінің "Облысқа сіңірген еңбегі үшін" белгісі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері