
Дүрімбетов Бағлан Қайратұлы
Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі
Өмірбаян
Дүрімбетов Бағлан қайратұлы 1989 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы Тараз қаласында туылған.
Ұлты – қазақ, білімі жоғары.
2011 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін құқық және экономика негіздері мамандығы бойынша бітірген.
2015 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген.
Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі Ұлттық комиссияның шешімімен «Мемлекеттік аудитор» және «Жоғары санатты мемлекеттік аудитор» сертификаттарының иегері.
Еңбек жолын 2011 жылы Жамбыл олысы бойынша тексеру комиссиясында статист болып бастаған.
2011-2012 жылдары Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының шығыстарды бақылау бөлімінде жетекші маман-жетекші бақылаушы;
2012-2013 жылдары Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының құқықтық қамтамасыз ету, құжат айналымы және кадр қызметі бөлімінің бас маманы;
2013-2017 жылдары Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының персоналды басқару қызметінің бас маманы, бас инспекторы;
2017-2018 жылдары Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің бас инспекторы;
2018-2022 жылдары Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы №2 мемлекеттік аудит бөлімінің бас маманы-мемлекеттік аудиторы;
2022 жылы Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы әкімшілік-кадр жұмысы бөлімінің бас инспекторы;
2022-2023 жылдары Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы №1 мемлекеттік аудит бөлімінің бас инспекторы-мемлекеттік аудиторы;
2023 жылдың қаңтар-маусым Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы әкімшілік-кадр жұмысы бөлімінің басшысы;
2023 жылғы 1 шілдедегі Жамбыл облыстық мәслихатының № 4-10 шешімімен Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі болып тағайындалды.




