
Тулемисов Илияс Мағзымұлы
Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі
Өмірбаян
Тулемисов Илияс Мағзымұлы 1970 жылы 18 қыркүйекте Жамбыл облысы Жуалы ауданында туылған.
Ұлты – қазақ, білімі жоғары.
1999 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын гидромелиорация мамандығы бойынша бітірген.
2002 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
2007 жылы Алматы экономика және статистика академиясын қаржы мамандығы бойынша бітірген.
Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі Ұлттық комиссияның шешімімен «Мемлекеттік аудитор» сертификатының иегері.
Еңбек жолын 1996 жылы Жуалы ауданында «Бурненский» совхозда 3-ші разрядтық слесарь болып бастаған.
1999-2000 жылдары «Бурненский» совхозда жанармай қоймасының бастығы;
2006-2008 жылдары Жуалы ауданы әкімі аппараты кеңсе бөлімінің, ұйымдастыру-кадрлық және мемлекеттік құқықтық бөлімінің бас маманы;
2008-2010 жылдары Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылының әкімі;
2010-2011 жылдары «Микрокредиттік ұйым: Оңтүстік-Финанс-Тараз» ЖШС-нде несиелік менеджер;
2011-2012 жылдары «Жуалы-Рантье» ЖШС МКҰ директоры;
2012-2013 жылдары Жуалы аудандық мәслихат аппараты ұйымдастыру және құқықтық бөлімшесінің бас маманы-заңгері;
2013-2016 жылдары Жуалы аудандық мәслихат хатшысының кеңесшісі;
2016-2017 жылдары Жуалы аудандық мәслихат аппаратының басшысы;
2017-2018 жылдары Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының персоналды басқару қызметінің бас инспекторы;
2018-2023 жылдары Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының аппарат басшысы;
2023 жылғы 1 шілдедегі Жамбыл облыстық мәслихатының № 4-12 шешімімен Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі болып тағайындалды.




