
Қарабаев Ермек Серікұлы
Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі
Өмірбаян
Қарабаев Ермек Серікұлы 1974 жылы 9 қаңтарда Қарағанды облысы Ұлытау ауданында туылған.
Ұлты – қазақ, білімі жоғары.
1995 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша бітірген.
Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі Ұлттық комиссияның шешімімен «Мемлекеттік аудитор» сертификатының иегері.
Еңбек жолын 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының Тараз филиалында оқытушы болып бастаған.
1996-1997 жылдары Тараз мемлекеттік университетінде оқытушы;
1997-1998 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының экономикалық реформалар секторында консультант;
1998-1999 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының экономикалық реформалар секторының меңгерушісі;
1999-2002 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің экономика басқармасының әлеуметтік сала, сауда және қызметті жоспарлау бөлімінің бастығы;
2002-2003 жылдары «Валют-Транзит Банк» АҚ Тараз қалалық филиалында кассир, қазынашы;
2003-2004 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының инновациялау және ақпараттық технологиялар бөлімінің бастығы;
2004-2006 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестріру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің экономикалық талдау, еңбекақы төлеу және тұрмыс деңгейі бөлімінің бастығы;
2006-2008 жылдары Жамбыл облысы әкімиятының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті директордың орынбасары;
2008-2013 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары;
2013-2018 жылдары Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі;
2018 жылы шілде-тамыз айлары Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының аппарат басшысы;
2018 жылы тамыз-қараша айлары Тараз қаласы әкімінің орынбасары;
2019-2021 жылдары Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы №2 мемлекеттік аудит бөлімінің бас инспекторы-мемлекеттік аудиторы;
2021-2023 жылдары Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы №1 мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы-мемлекеттік аудитор;
2023 жылғы 1 шілдедегі Жамбыл облыстық мәслихатының № 4-11 шешімімен Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі болып тағайындалды.
2012 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтой медалімен, 2015 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2022 жылы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласының үздігі» төс белгісімен марапатталған.




