Қызметкерлер — Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясы

    Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясы басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    6
    Тоқбергенов Ардақ Айдарқұлұлы
    Төраға

    Тоқбергенов Ардақ Айдарқұлұлы

    Тексеру комиссиясының төрағасы

    Жетісу облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы 8 мамыр 1978 дүниеге келген, экономика және бизнес магистрі дәрежесі бар, «Экономика» және «Құқықтану» мамандықтары бойынша жоғары білім алған, жоғары санатты мемлекеттік аудитор болып табылады, «А» корпусының мемлекеттік қызметшілердің кадр резервінде тұрған. Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2001 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Қазынашылық басқармасының жетекші қазынашысы ретінде бастаған. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінде, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінде түрлі қызметтерді атқарған. 2006 жылы мемлекеттік аудиттің жоғарғы органы – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде мансабын жалғастырып, 2010 жылдан бері мынадай басшылық лауазымдарда қызмет атқарған: Заң бөлімінде сектор меңгерушісі, әр жылдары Әкімшілік-қаржы бөлімі, Әдіснама және сыртқы байланыстар бөлімі, Экономикалық дамудың мемлекеттік аудит бөлімі басшыларының орынбасары. 2018 жылдың наурыз айынан бастап қыркүйек айына дейін Есеп комитетінің Мемлекеттік аудит бөлімі, Мемлекеттік басқаруға және әлеуметтік салаға аудит жүргізу бөлімі басшысының орынбасары – мемлекеттік аудиторы ретінде жұмыс істеген. 2018 жылдың қыркүйек айынан 2023 жылдың мамыр айына дейін Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі лауазымын атқарған. Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 634 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік аудитті енгізу тұжырымдамасын, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын әзірлеуге тікелей қатысқан, Есеп комитетінің әдіснамалық құжаттарын, сондай-ақ сапалы және тиімділігі жоғары мемлекеттік аудитті қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік қаржылық бақылау (аудит) стандарттарын әзірлеу жөніндегі ТМД қатысушы мемлекеттерінің жұмыс тобы шеңберінде ТМД қатысушы мемлекеттерінің жоғары қаржылық бақылау органдары үшін құжаттарды әзірлеген. Бірнеше рет мемлекеттік аудит тобына басшылық еткен. Астана қаласы мәлихатының 24 қыркүйектегі шешімімен Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.

    Мұхамеджанов Бақытжан Әбділдәұлы
    Комиссия мүшесі

    Мұхамеджанов Бақытжан Әбділдәұлы

    Комиссия мүшесі

    Мұхамеджанов Бақытжан Әбділдәұлы 1987 жылы 04 мамырда Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары, 2008 жылы Басқару институтын қаржыгер мамандығы бойынша бітірген. Отбасылық жағдайы: үйленген, ұлы бар

    Манамұратов Қанат Манамұратұлы
    Комиссия мүшесі

    Манамұратов Қанат Манамұратұлы

    Комиссия мүшесі

    1968 жылы 16 мамырда Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары, 1990 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, 2002 жылы – Алматы үздіксіз білім беру университетін тау-кен инженері және экономист мамандықтары бойынша бітірген. Отбасылық жағдайы: үйленген, екі ұл, бір қызы бар. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

    Даирбеков Қайрат Еркінғалиұлы
    Комиссия мүшесі

    Даирбеков Қайрат Еркінғалиұлы

    Комиссия мүшесі

    1987 жылы 7 қарашада Алматы облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 2008 жылы - І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітірген, мамандығы бойынша қаржыгер, 2010 жылы - Ө.Ә.Жолдасбеков атындағы Экономика және құқық академиясы, заңгер мамандығы, 2014 жылы - Ө.Ә.Жолдасбеков атындағы Экономика және құқық академиясы, экономика және бизнес магистрі. Отбасылық жағдайы: үйленген, екі қыз, бір ұлы бар.

    Ноғайбеков Қуаныш Жұмаханұлы
    Комиссия мүшесі

    Ноғайбеков Қуаныш Жұмаханұлы

    Комиссия мүшесі

    1970 жылы 26 сәуірде, Алматы облысы Кербұлақ ауданыны Басшы ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары, 1994 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» және «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалдарымен марапатталған.