
Даирбеков Қайрат Еркінғалиұлы
Комиссия мүшесі
Өмірбаян
1987 жылы 7 қарашада Алматы облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 2008 жылы - І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітірген, мамандығы бойынша қаржыгер, 2010 жылы - Ө.Ә.Жолдасбеков атындағы Экономика және құқық академиясы, заңгер мамандығы, 2014 жылы - Ө.Ә.Жолдасбеков атындағы Экономика және құқық академиясы, экономика және бизнес магистрі.
Отбасылық жағдайы: үйленген, екі қыз, бір ұлы бар.
2008-2011 жж. Алматы облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының жетекші маманы-жетекші бақылаушы-аудиторы,Талдықорған қаласы. 2011-2018 жж. Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясында бас маман – мемлекеттік аудит, бөлім басшысы – мемлекеттік аудитор лауазымдарын атқарған. 2018-2019 жж. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бас сарапшы-мемлекеттік аудиторы, Астана қаласы. 2019-2022 жж. Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясында бас маман – мемлекеттік аудит, бөлім басшысы – мемлекеттік аудитор лауазымдарын атқарған.2022 жылдан бастап Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі болып тағайындалды.




