
Манамұратов Қанат Манамұратұлы
Комиссия мүшесі
Өмірбаян
1968 жылы 16 мамырда Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары, 1990 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, 2002 жылы – Алматы үздіксіз білім беру университетін тау-кен инженері және экономист мамандықтары бойынша бітірген.
Отбасылық жағдайы: үйленген, екі ұл, бір қызы бар.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.
1990-1995 жж - Қазақ ұлттық техникалық университетінің 2,1 санатты инженері. 1996-1998 жж - Балқаш аудандық су жүйелерінің басқармасы бөлімінің маманы. 2005-2006 жж. - Жамбыл облысы бойынша қазынашылық департаменті төлемдерді бақылау секторының бас маманы - бас қазынашысы. 2006-2010 жж. Қарасай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы.2010-2011жж. Қарасай аудандық бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімінің бюджеттік жоспарлау секторының меңгерушісі.2011-2013 жж. Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының бас маманы, бас маман-бас бақылаушы-ревизоры.2013-2016 жж. Талғар ауданы қаржы басқармасының басшысы.2016 - 2018 жж. Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының бас маманы – мемлекеттік аудиторы.2018 жылдың 25 шілдесінде Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі болып тағайындалды.2022 жылдан бастап Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі болып тағайындалды.




