Тоқбергенов Ардақ Айдарқұлұлы

    Тексеру комиссиясының төрағасы

    Тоқбергенов Ардақ Айдарқұлұлы
    Председатель

    Тоқбергенов Ардақ Айдарқұлұлы

    Тексеру комиссиясының төрағасы

    Өмірбаян

    Жетісу облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы

    8 мамыр 1978 дүниеге келген, экономика және бизнес магистрі дәрежесі бар, «Экономика» және «Құқықтану» мамандықтары бойынша жоғары білім алған, жоғары санатты мемлекеттік аудитор болып табылады, «А» корпусының мемлекеттік қызметшілердің кадр резервінде тұрған.

    Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2001 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Қазынашылық басқармасының жетекші қазынашысы ретінде бастаған. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінде, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінде түрлі қызметтерді атқарған.

    2006 жылы мемлекеттік аудиттің жоғарғы органы – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде мансабын жалғастырып, 2010 жылдан бері мынадай басшылық лауазымдарда қызмет атқарған: Заң бөлімінде сектор меңгерушісі, әр жылдары Әкімшілік-қаржы бөлімі, Әдіснама және сыртқы байланыстар бөлімі, Экономикалық дамудың мемлекеттік аудит бөлімі басшыларының орынбасары.

    2018 жылдың наурыз айынан бастап қыркүйек айына дейін Есеп комитетінің Мемлекеттік аудит бөлімі, Мемлекеттік басқаруға және әлеуметтік салаға аудит жүргізу бөлімі басшысының орынбасары – мемлекеттік аудиторы ретінде жұмыс істеген.

    2018 жылдың қыркүйек айынан 2023 жылдың мамыр айына дейін Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі лауазымын атқарған.

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 634 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік аудитті енгізу тұжырымдамасын, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын әзірлеуге тікелей қатысқан, Есеп комитетінің әдіснамалық құжаттарын, сондай-ақ сапалы және тиімділігі жоғары мемлекеттік аудитті қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік қаржылық бақылау (аудит) стандарттарын әзірлеу жөніндегі ТМД қатысушы мемлекеттерінің жұмыс тобы шеңберінде ТМД қатысушы мемлекеттерінің жоғары қаржылық бақылау органдары үшін құжаттарды әзірлеген. Бірнеше рет мемлекеттік аудит тобына басшылық еткен.

    Астана қаласы мәлихатының 24 қыркүйектегі шешімімен Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері