Әубәкіров Сәбит Ермұхамбетұлы
Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясынгың төрағасы
1990 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, 2012 жылы Қазақстан-Ресей университетін «экономика» мамандығы бойынша, 2016 жылы «Нархоз Университеті» АҚ-ны «құқықтану» мамандығы бойынша, 2018 жылы «Қаржы академиясы» АҚ-ны «қаржы» мамандығы бойынша аяқтады. Еңбек жолын 2009 жылы «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» ММ-де бухгалтерлік есеп және есептілік секторы маманының көмекшісі, кейін бухгалтерлік есеп және есептілік секторының тіркеушісі, инспектор-бухгалтер болып қызмет атқарды. 2011 жылы «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ қаржы-шаруашылық бөлімі бас маманының мідетін атқарушысы болып тағайындалды, кейін қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарды. 2012 жылдан бастап 2016 жыл аралығында - Павлодар облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясының № 5 бақылау бөлімінің бас маманы-бас бақылаушы-тексерушісі, № 1 бақылау бөлімінің бас маманы-бас бақылаушы-тексерушісі, № 4 бақылау бөлімінің бас маманы-бас бақылаушы-тексерушісі, № 4 бақылау бөлімінің басшысы. 2016 жылы «Павлодар облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» РММ-нің мемлекеттік сатып алуға аудит жүргізу бөлімінің басшысы болып тағайындалды. 2018 жылдан бастап 2020 жыл аралығында - Павлодар облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» РММ-нің камералдық бақылау бөлімінің басшысы, басшының орынбасары. 2020 жылдан бастап Тексеру комиссиясы төрағасының тағайындалуына дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Камералдық бақылау басқармасының басшысы болды. Павлодар облыстық мәслихаты сессиясының шешімімен 2021 жылғы 29 қыркүйек күні тексеру комиссиясының төрағасы лауазымына тағайындалды.







