Түйебаев Нұржан Амантайұлы

    Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі

    Түйебаев Нұржан Амантайұлы
    Комиссия мүшесі

    Түйебаев Нұржан Амантайұлы

    Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі

    Өмірбаян

    1981 жылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасы Павлодар облысы Май ауданының Саты ауылында дүниеге келген. 2003 жылы Алматы экономика және статистика институты «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 2003 жылы бастаған. 2004–2010 жылдары Павлодар облысының салық органдарында қызмет атқарып, маманнан Екібастұз қаласы бойынша салық басқармасының салық аудиті бөлімінің басшысы лауазымына дейін көтерілді. 2011 жылдан бастап Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы жүйесінде қызмет етеді. Әр жылдары бас маман – бас мемлекеттік ревизор, мемлекеттік аудит бөлімдерінің басшысы, бас инспектор – мемлекеттік аудитор, № 2 аудит бөлімінің басшысы – мемлекеттік аудитор лауазымдарын атқарды. 2025 жылғы 20 маусымнан бастап – Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі. 2017 жылы II дәрежелі «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған. Жалпы еңбек өтілі – 19 жылдан астам, мемлекеттік қызмет өтілі – 18 жылдан астам. Үйленген, екі баласы бар.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері