Демеуов Жанат Саматұлы

    Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі

    Демеуов Жанат Саматұлы
    Комиссия мүшесі

    Демеуов Жанат Саматұлы

    Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі

    Өмірбаян

    Жанат Саматұлы Демеуов 1972 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Аймауытов совхозының тумасы.

    Үш жоғары білімі бар, 1997 жылы «қаржы және несие» мамандығы бойынша Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 2006 жылы «құқықтану» мамандығы бойынша Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын, 2008 жылы «Ресей Федерациясының Қарулы Күштерін қаржылық қамтамасыз етуді басқару» мамандығы бойынша «Әскери қаржы-экономикалық академиясы» Жоғары кәсіптік білім берудің федералды мемлекеттік білім беру мекемесін бітірген.

    Еңбек жолын 1992 жылы Баянауыл ауданының жинақ банкінің бөлімшесінде бастады, 1994 жылға дейін түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

    1995-2000 жылдар аралығындағы кезеңде Павлодар облысы бойынша Салық (қаржы) полиция басқармасында экономикалық қылмысқа қарсы күрес бөлімінің аға инспекторы болып жұмыс істеді.

    2000-2022 жылдары - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі офицерлік лауазымдардағы әскери қызмет.

    2022 жылғы тамыздан бастап 2023 жылғы сәуірге дейін Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасында бас консультант-мемлекеттік аудитор болып жұмыс істеді.

    2023 жылғы сәуірден бастап Абай облысы бойынша тексеру комиссиясында бас инспектор-мемлекеттік аудитор болып жұмыс істейді.

    2023 жылғы 27 маусымдағы Павлодар облыстық мәслихаты сессиясының № 34/3 шешімімен тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері