
Мұратова Анар Кенжеқызы
Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі
Өмірбаян
Анар Кенжеқызы Мұратова 1974 жылы туған, Павлодар облысы Ақтоғай ауданының тумасы.
Жоғары білімі бар, 1994 жылы «тауартанушы-ұйымдастырушы» мамандығы бойынша Қазтұтынуодағы Павлодар жоғары экономикалық колледжін, 2002 жылы «экономист-қаржыгер» мамандығы бойынша Павлодар университетін бітірген.
Еңбек жолын 1994 жылы «Ақтоғай халықты әлеуметтік қорғау бөлімі» ММ-де инспектор қызметінен бастады.
1998-2005 жылдар аралығындағы кезеңде Ақтоғай аудандық орталық ауруханасында, Абай атындағы № 10 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде бухгалтер лауазымында жұмыс істеді.
«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС корпоративтік қауіпсіздік бөлімінің экономикалық қауіпсіздік жөніндегі маманы болып жұмыс істеді.
ҚР ҚМ ІМАК Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінде 17 жылдан астам жұмыс істеді.
2023 жылғы 27 маусымдағы Павлодар облыстық мәслихаты сессиясының № 35/3 шешімімен тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.



