
Тастембеков Серікбай Шайхислямұлы
Тексеру комиссиясының мүшесі
Өмірбаян
Серікбай Шайхислямұлы Тастембеков 1964 жылы туған, РФ, Омбы облысы Бузан ауылының тумасы.
Екі жоғары білімі бар, 1997 жылы «экономист» мамандығы бойынша С. Киров атындағы Ленин орденінің Омбы ауылшаруашылық институтын, 2002 жылы «құқықтану» мамандығы бойынша Қазақ Құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген.
Еңбек жолын 1986 жылы РФ Омбы облысы Алабатин совхозының бухгалтері болып бастады, осы өңірде 1995 жылғы сәуірге дейін әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
Қазақстан Республикасына көшкеннен кейін 1995 жылғы мамырдан бастап 2005 жылға дейін әртүрлі лауазымдарда, соның ішінде Павлодар облысының салық органдарында басшылық қызметтерде жұмыс істеді.
2012-2022 жылдар аралығындағы кезеңде ҚР ҚМ ІМАК Павлодар облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде жұмыс істеді.
Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясында 2022 жылғы тамыздан бастап №2 аудит жүргізу бөлімінің басшысы-мемлекеттік аудитор лауазымында жұмыс істеді.
2023 жылғы 27 маусымдағы Павлодар облыстық мәслихаты сессиясының № 36/3 шешімімен тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.



