Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшілігі
Құрметті Қазақстанның достары мен қонақтары!
Құрметті Малайзия мен Бруней-Даруссаламдағы Қазақстанның азаматтары!
Малайзия мен Бруней-Даруссаламда аккредиттелген Қазақстан Республикасы Елшілігінің ресми сайтына қош келдіңіздер.
Біздің веб-сайтымызда Қазақстан азаматтарына қолдау және консулдық қызметтер көрсету туралы, сондай-ақ Қазақстан және оның экономикалық мүмкіндіктерімен танысу үшін, елімізге туристер ретінде келуге немесе іскерлік байланыс орнату үшін қажетті ақпаратты таба аласыздар.
Елшілік Қазақстанның Малайзия және Бруней-Даруссалам арасындағы саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара тиімді әріптестікті нығайтуға, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.
Елшіліктің негізгі басымдықтарының бірі – аккредиттелген елдеріндегі Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау.
Елдер арасындағы ынтымақтастықтың негізгі оқиғаларын Жаңалықтар бөлімінен, сондай-ақ Facebook, Twitter және Instagram -дағы Елшіліктің парақшаларынан табуға болады.
Сіздердің түрлі пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды зерделеуге әрқашан қуаныштымыз. Ол үшін сайтымыздың Байланыс ақпарат бөлімінде қол жетімді болып табылатын Елшілік әлеуметтік желілеріндегі парақшаларымызға және электрондық пошта мен телефон арқылы хабарлассаңыздар болады.
Сонымен қатар, Байланыс ақпарат бөлімінде ҚР азаматтарына Елшілікпен жедел байланысу үшін нөмір және коронавирустық инфекция бойынша «жедел желі» қол жетімді.
Жаңалықтар
АшуҚазақстан Елшісі Малайзияның іскер топтарымен сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады
АшуҚазақстанға қоныс аударғысы келетін этникалық қазақтарға арналған ақпарат
АшуПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында ауқымды құрылыс бағдарламасы мен экономикалық реформалардың негізгі бағыттарын айқындады
АшуМалайзияда Республика күніне орай қазақстандық студенттерге арналған дәріс өтті
АшуҚазақстан Елшісі Малайзия Короліне сенім грамоталарын тапсырды
Ашу