Куала-Лумпур, 2026 жылғы 19 қазан – Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мәлік Мырзалин Мәртебелі Малайзия Королі Сұлтан Ибрагимге сенім грамоталарын тапсырды. Салтанатты рәсім корольдің «Истана Негара» сарайында өтті.
Қабылдау барысында Елші Мәртебелі Корольге Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізі мен ізгі тілектерін жеткізіп, қазақ тарапының Малайзиямен достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін растады.
М. Мырзалин белсенді саяси диалогтың өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге және екі ел арасындағы байланыстарды нығайтуға қолайлы жағдай жасайтынын атап өтті. Елші 2027 жылы атап өтілетін дипломатиялық қатынастардың орнағанына 35 жыл толуы Қазақстан мен Малайзия арасындағы өзара іс-қимылға жаңа серпін беруге мүмкіндік туғызатынын жеткізді.
Өз кезегінде, Мәртебелі Сұлтан Ибрагим М. Мырзалинді дипломатиялық қызметіне кірісуімен құттықтап, Қазақстан Президенті мен халқына ізгі тілектерін жолдады. Мәртебелі Король Қазақстанның Малайзия үшін Орталық Азиядағы маңызды әріптес екенін атап, екі мемлекет арасындағы достық пен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды қолдайтынын білдірді.








