Қызметкерлер — Сарысу ауданы мәслихатының аппараты

    Сарысу ауданы мәслихатының аппараты басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    1
    Жұмағұлов Бақыт Серікұлы
    Аппарат басшысы

    Жұмағұлов Бақыт Серікұлы

    Аппарат басшысы

    Жұмағұлов Бақыт Серікұлы 1965 жылы 28 қыркүйекте Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Құмөзек ауылында дүниеге келген. 1982 жылы Мойынқұм ауданы, Ақжар атындағы орта мектебін аяқтаған. 1983-1985 жж. әскер қатарында қызмет етті. Еңбек жолын 1989 жылы Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінде милиция қызметін атқарудан бастаған. 1989-2009 жж. Жамбыл облыстық ішкі істер департаменті, Сарысу аудандық ішкі істер бөлімінде милиция қызметінде. 2007 жылы Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы Қырғыз мемлекеттік заң академиясын «Құқық» мамандығы бойынша аяқтаған. 2009-2016 жж. Сарысу аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары; 2016-2018 жж. Сарысу аудандық жергілікті полиция бөлімінің бастығы; 2019-2021 жж. Сарысу ауданы әкімінің аппараты, аудан әкімінің бас инспекторы; 2021 жылдың 15 желтоқсанынан Сарысу аудандық мәслихаты аппаратының басшысы қызметін атқаруда. Отбасылық жағдайы: үйленген, екі ұл, бір қызы бар.

    Басқа қызметкерлер

    24
    Мұсабеков Шаттық Бапашұлы
    Мәслихатының төрағасы

    Мұсабеков Шаттық Бапашұлы

    Сегізінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихат төрағасы

    Мұсабеков Шаттық Бапашұлы 1965 жылы 23 ақпанда Сарысу ауданы Байқадам ауылында дүниеге келген. 1972-1982 жылдары Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінде білім алған.

    Мороз Галина Иванқызы
    Мәслихат депутат

    Мороз Галина Иванқызы

    Мәслихат депутаты

    Мен, Мороз Галина Ивановна 1966 жылы ақпан айының 1 жұлдызында Жаңатас қаласы, Жамбыл облысы, жұмысшы отбасында дүниеге келдім. 1983 жылы Қ.И.Сатпаев атындағы 10 жылдық орта мектебін бітірдім. Мектепті аяқтап Қ.И.Сатпаев атындағы орта мектепте аға тәрбиеші болып жұмыс атқардым. Екі жоғары білімім бар: 1990 жылы Октябрь революциясына 50 жыл атындағы Жамбыл педагогикалық институтына түстім аталған институттың Оорыс тілі және әдебиеті мамандығы бойынша толық курсын бітіріп, «Орыс тілі және әдебиеті мұғалімі» біліктілігі берілді, 2017 жылы Аймақтық әлеуметтік- инновациялық университетінің «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығын алдым. 1990 жылы Қазақстан ЛКЖМ ҚК Жаңатас жастар және пионер оқу бөлімінің меңгерушісі. 1992-1996 жылдар аралығында Қ.И.Сатпаев атындағы мектептің орыс тілі және әдебиеті мұғалімі, директордың оқу-тәрбие орынбасары. 1996 жылы Қ.И Сатпаев атындағы мектептің жабылуына байланысты К.Маркс атындағы мектепке орыс тілі және әдебиеті мұғалімі болып ауыстырылды. 1998 жылы К.Маркс атындағы мектеп директорының орынбасары. 2004 жылы Жаңатас қаласы әкімінің орынбасары. 2012 жылдан бастап бүгінгі таңға дейін «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Сарысу ауданының білім бөлімінің «Айгөлек» бөбекжай- бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорныңда меңгеруші қызметін атқарамын. 2016 жылдан 2021 жылға дейін VI-шы шақырылган аудандық мәслихат депутаты болып сайландым. «AMANAT» партиясының мүшесімін Тұрмыста, екі қыздың анасы.

    Түсіпбеков Талғат Болатұлы
    Мәслихат депутат

    Түсіпбеков Талғат Болатұлы

    Мәслихат депутаты

    Түсіпбеков Талғат Болатұлы 1973 жылдың 5 қазан күні Мәскеу қаласында дүниеге келген. 1980-1990 жылдары Қамқалы ауылындағы орта мектепте оқыған. Көкшетау қаласының оқу орнына түсіп, бейнелеу өнері мамандығы бойынша оқыған. 1995 жылдан отбасылық кәсіпкерлікпен айналысты. 2007 жылдан Қамқалы ауылдық округіндегі тұз кеңінен Тұз өңдеумен айналасуда, Қазіргі таңда «Бек-Ырыс» ЖК басшысы. Отбасылы, 4 баласы бар.

    Қамбарбаева Сәрсебекқызы Роза Сәрсебекқызы
    Мәслихат депутат

    Қамбарбаева Сәрсебекқызы Роза Сәрсебекқызы

    Мәслихат депутаты

    Қамбарбаева Роза Сәрсебекқызы, 1964 жылдың 9 қаңтарында Жамбыл облысы, Отар станциясында дүниеге келген. 1983-1988 жылдары Алматы қаласында Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетінде оқыған. Педагогикалық еңбек жолында орыс тілі, әдебиеті пән мұғалімі, педагог-ұйымдастырушы, мектеп психологы, қалалық білім бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған. 1997-2015 жылдары Абылай хан атындағы орта мектептің директоры. 2015-2022 жылдары М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының директоры. 2022 жылдан бері Абылай хан атындағы орта мектептің директоры. Білім саласындағы жемісті еңбегі үшін 1998 жылы – ҚР «Білім беру ісінің үздігі», 2008 жылы «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгілерімен марапатталған. Білім және Ғылым министрлігінің, аудан және қала әкімінің Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталған.

    Айнабеков Қайрат Cайлаубекұлы
    Мәслихат депутат

    Айнабеков Қайрат Cайлаубекұлы

    Мәслихат депутаты, тұрақты комиссия төрағасы

    Айнабеков Қайрат Сайлаубекұлы 1976 жылы Сарысу ауданы Түркістан ауылында дүниеге келген, ұлты – қазақ, білімі жоғары. Отбасылы, 5 баласы бар. 1994-1999 жылдары Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінде тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша оқыды. 1993-2005 жылдары Түркістан ауылындағы «Мұхтар Әуезов» атындағы орта мектебінде лаборанты, тәлімгері, тарих пәнінің мұғалімі. 2005-2008 жылдары «Абай» атындағы орта мектебі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 2008-2011 жылдары Түркістан ауылындағы «Мұхтар Әуезов» атындағы орта мектебінің директоры. 2011-2012 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы. 2012-2013 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі. 2013-2015 жылдары Сарысу ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Балалар шығармашылық орталығының» директоры. 2015 жылы Үшбас негізгі мектебінің директоры. 2020 жылдан бастап бүгінгі таңда Ә.Бүркітбаев ауылындағы «М.Әуезов атындағы орта мектебінде» педагог-ұйымдастырушы болып қызмет атқаруда.

    Нұрмаханова Лаура Игенқызы
    Мәслихат депутат

    Нұрмаханова Лаура Игенқызы

    Мәслихат депутаты

    Нурмаханова Лаура Игеновна 1970 жылы 11сәуірде Жамбыл облысы, Сарысу ауданы,Байқадам ауылында дүниеге келген. 1994 жылы Жамбыл педагогтік институтын қазақ мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1987 жылы Ақтоғай ауылындағы Серго атындағы негізгі мектебінің орыс тілі пәнінің мұғалімі болып бастаған. 1988-1995 жылдары Ю.Гагарин атындағы негізгі мектебінің орыс тілі пәнінің мұғалімі. 1995-1996 жылдары №37 Сүлейменов атындағы мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. 1996-2002 жылдары Байқадам атындағы орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. 2002-2013 жылдары Байқадам атындағы орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 2013-2014 жылдары Шағалалы негізгі мектебінің директоры. 2014-2019 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының директоры. 2019-2020 жылдары Сарысу ауданы әкімінің орынбасары. 2022 жылдан бері Б.Қашқынбаев атындағы орта білім беру мектеп директоры. Отбасылы, 1 ұл 2 қызы бар.

    Искенов Габит Мейрашұлы
    Мәслихат депутат

    Искенов Габит Мейрашұлы

    Мәслихат депутаты

    ИСКЕНОВ Габит Мейрашович 1982 жылыдың 10 казанында Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласында дүниеге келдім. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. Отбасылы, 1 қыз 3 ұл тәрбиелеуде. 2001 жылы Алматы құрылыс және менеджмент колледжі, «Кеден iсі» мамандығы. 2014 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті, «Құқықтану» мамандығы. 2006-2011 жылдар аралығында «Монтаж сервис» ЖШС-де үйлестіруші. 2013 жылдан қазіргі уақытқа дейін Жаңатас қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің инспекторы.

    Көлбаев Ержан Жиенбайұлы
    Мәслихат депутат

    Көлбаев Ержан Жиенбайұлы

    Мәслихат депутаты

    Кулбаев Ержан Жиенбайұлы 1978 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Байқадам ауылында дүниеге келген. 1985-1993 жылдары Ю.А.Гагарин атындағы орта мектепті үздік аяқтаған. 1993 жылы Жамбыл қаласындағы химия-механикалық техникумына түсіп, 1997 жылы политехникалық колледжді "Техник-механик" мамандығы бойынша аяқтаған. 1997-2003 жылдары Астана, Алматы, Тараз қалаларында қоғамның түрлі салаларында еңбек еткен. 2002 жылы М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне оқуға түскен, "Тарих және география" мамандығы бойынша Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының толық курсын аяқтады. 2003 жылы Б.Қашқынбаев атындағы орта мектепке "Тарих" пәнің мұғалімі. 2003-2010 жылдары директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, педагог-психолог, әлеуметтанушы лауазымдарын атқарған. 2010-2011 жылдары С.Сейфуллин атындағы орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары. 2011-2012 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі бастығының орынбасары. 2012-2013 жылдары Сарысу аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы. 2013-2015 жылдары Жаңатас қаласындағы Абай атындағы орта мектебінің директоры. 2015-2018 жылдары Байқадам ауылдық округінің әкімі. 2019-2020 жылдар аралығында Ш.Уалиханов мектеп-гимназиясы директорының бағдарлы оқыту ісі жөніндегі орынбасары, Сарысу ауданы әкімдігі білім бөлімінде әдіскер қызметтерін атқарған. Бүгінгі күні Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Балалар-жасөспірімдер орталығының" директоры. Қазақстан Халық партиясының мүшесі. Отбасылы, 5 ұл, 1 қызы бар.

    Бәсие Жанбота Шыңғысұлы
    Мәслихат депутат

    Бәсие Жанбота Шыңғысұлы

    Мәслихат депутаты

    1993 жылы 5 қаңтар айында Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында туылған. Ұлты қазақ. Білімі жоғары, 2015 жылы Тараз мемлекеттік университетін «көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша бітірген. 2016 жылдан осы күнге дейін жеке кәсіпкер.

    Сейтбеков Асаубай Токтасынұлы
    Мәслихат депутат

    Сейтбеков Асаубай Токтасынұлы

    Мәслихат депутаты

    Сейтбеков Асаубай Токтасынович - 1973 жылы 2 сәуірде Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Түгіскен елді-мекенде дүниеге келген. 1981-1991 жылдар аралығында Жаңатас қаласында орналасқан М.Әуезов атындағы орта мектебін тәмәмдаған. 1991-1994 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданындағы Ванновский Гидро-меллоративті техникумінде оқыған. 1994-1999 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Жабағалы елді-мекенінде орналасқан "Ақ қанат" құс фабрикасында, құс өсіруші болып еңбек жолын бастаған. 1999 жылдан бастап Жаңатас қаласы Бүркітті елді-мекенінде орналасқан бұрыңғы аудандық мал базарын басқаруда және қосымша жеке шаруашылықпен айналасуда. "Сейтбеков" жеке кәсіпкерлігінің директоры. Облыс пен аудан көлеміндегі наградалармен марапатталған. Отбасылы, бір ұл, бір қызы бар.

    Исентаев Абдулла Изатуллаұлы
    Мәслихат депутат

    Исентаев Абдулла Изатуллаұлы

    Мәслихат депутаты, тұрақты комиссия төрағасы

    Мен Исентаев Абдулла Изатуллаұлы 1980 жылы 25 наурызда Жаңатас қаласында дүниеге келген. Қазіргі таңда Сарысу ауданы, Жаңатас қаласының тұрақты тұрғынымын. Мен Абылайхан атындағы мектеп-лицейдің /бұрынғы Ю.А.Гагарин мектебінің/ түлегімін. 1997 жылы М.М. атындағы Мемлекеттік университетінің экономика факультетіне оқуға түсті. Х.Дулати, Тараз, 2002 жылы «Қоршаған ортаны басқару экономикасы» мамандығын алған. Алғашқы еңбек жолын 2000 жылы қалалық орталық «ARAY» жастар ойын-сауық орталығында жеке кәсібін ашудан бастады. 2001-2003 жылдар аралығында аудандық жастар комитетінің мүшесі болып тағайындалды. Облыс, қала жастары арасында түрлі ойын-сауық кештерін, байқаулар ұйымдастырып жүрдім. 2003-2010 жылдар аралығында Алматы қаласы, «Алма Мебель» ЖШС өндірістік істер жөніндегі директоры болып жұмыс істеді. 2011-2012 жылдар аралығында жеке кәсіппен айналысты. 2013-2017 жылдар аралығында құрылыс және теміржол құрылысымен айналысатын «ZHETYSU Group Corporation» ЖШС директорының орынбасары қызметін атқарды. 2018 жылдан осы уақытқа дейін «Жанару-2017» ЖШС директоры қызметін атқарып келемін.

    Рыспанов Ғани Айтуғанұлы
    Мәслихат депутат

    Рыспанов Ғани Айтуғанұлы

    Мәслихат депутаты

    Рыспанов Ғани Айтуғанұлы 1979 жылдың 2 ақпанында Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Түгіскен ауылында дүниеге келген. 2000 – 2002 жылдары әскери борышын өтеп келді. 2003 жылы Қайнар университетін «Юриспруденция» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2005 жылдың қаңтар айынан «Рыспан» ЖШС-де снабженец (жабдықтаушы) болып бастаған. 2012-2015 жылдары «Темір байлық» ЖШС-де бөлімше бастығы. 2015-2016 жылдары «Ғалияш-2005» ЖШС-де директор. 2017 жылдың қаңтар айынан бастап «Ақ-Айсер Табыс» директоры қызметін атқарып келеді. Сарысу аудандық мәслихатының Құрмет грамотасымен марапатталған. ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің "Алғыс хатымен" марапатталған. Сарысу ауданы әкімінің алғыс хатымен марапатталған. Отбасылы 2 баласы бар.

    Сейналиев Асанбай Ермекбайұлы
    Мәслихат депутат

    Сейналиев Асанбай Ермекбайұлы

    Мәслихат депутаты

    1975 жылы 13 ақпанда Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Байзақ ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Сарысу ауданы, Өндіріс ауылыныңЖ.Отарбаев атындағы орта мектебін бітірген. Отбасылы. Екі ұл, екі қызы бар.

    Есмұрзаев Мұратбек Бұралқыұлы
    Мәслихат депутат

    Есмұрзаев Мұратбек Бұралқыұлы

    Мәслихат депутаты

    Есмұрзаев Мұратбек Бұралқыұлы 1987 жылы 27 наурызда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Байқадам ауылында дүниеге келген. 2008 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын педагогика және психология оқытушысы және 2011 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін құқықтану мамандықтары бойынша бітірген. 2008-2013 жылдары Сарысу ауданы, Жаңатас қаласындағы Балалар- жасөспірімдер орталығының Ақтоғай орта мектебіндегі «Әскери патриоттық клуб» үйірмесінің жетекшісі. 2013-2014 жылдары Сарысу ауданы, Түркістан ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы. 2014-2016 жылдары Сарысу ауданы әкімдігі білім бөлімінің бас маманы. 2016-2017 жылдары Сарысу аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру және бақылау бөлімшесінің басшысы. 2017-2018 жылдары Сарысу ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы. 2018-2020 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және туризм бөлімінің басшысы. 2020 жылдың ақпан айынан бастап «Amanat» партиясының Жамбыл облысындағы Сарысу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары. Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет басқармасының, Сарысу ауданы әкімінің, аудандық мәслихаттың, «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері кәсіподақ ұйымы» Жамбыл облыстық филиалының Құрмет грамоталарымен, «Nur Otan» партиясы Сарысу аудандық филиалының Алғыс хатымен марапатталған. Отбасылы. Үш ұл, 1 қызы бар.

    Аманов Аслан Қайратұлы
    Мәслихат депутат

    Аманов Аслан Қайратұлы

    Мәслихат депутаты

    Аманов Аслан Кайратович 1986 жылы 1 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. 1992-2003 жж Жамбыл облысы,Сарысу ауданы, Игілік ауылындағы "Шоқай датқа" атындағы орта мектебін тамамдаған. 2004-2008 жж Алматы қаласындағы "АЭСА" униваерситетінде "қаржы" мамандығымен тамамдаған. 2010-2014 жылдары Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылында "Казагромаркетингте" консультант қызметін атқарды. 2020 жылдың 20 наурызынан бастап Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Игілік ауылындағы «»Игілік» өңдірістік кооператив төрағасы. Отбасылы, 3 ұл, 1 қызы бар.

    Муқашов Оңласын Өзбекұлы
    Мәслихат депутат

    Муқашов Оңласын Өзбекұлы

    Мәслихат депутаты

    Мұқашов Оңласын Өзбекұлы 1960 жылы 3 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңаарық ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. Отбасылы, 5 баласы бар. 1986 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «тау кен инженері» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1977 жылы «Жаңатас» совхозында жұмысшы болып бастаған. 1980-1991 жылдары Жаңатас кен басқармасының жарылғыш учаскесінің жұмысшысы, шебері. 1991-1993 жылдары «Жаңаарық» жеке шағын кәсіпорнының директоры. 1993-1994 жылдары Жаңатас мұнай қоймасының өнім қабылдаушысы. 1994-1996 жылдары «Тойғұлы» жеке шағын кәсіпорнының директоры. 1996-1998 жылдары Сарысу аудандық санитарлық эпидемиологиялық станциясы дезинфекция бөлімінің меңгерушісі. 1998-1999 жылдары «Жаңатас» жеке өндірістік кооперативінің төрағасы. 2004-2006 жылдары Жаңатас қаласы әкімі аппаратының бас маманы. 2006-2021 жылдары Жаңаарық ауылдық округінің әкімі. 2021-2022 жылдары Сарысу ауданы әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы. 2022-2023 жылдары аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы.

    Шайымқұлов Фархат Исақұлұлы
    Мәслихат депутат

    Шайымқұлов Фархат Исақұлұлы

    Мәслихат депутаты

    Шайымқұлов Фархат Исақұлұлы 1986 жылдың 26 маусымында Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында дүниеге келген. 2008 жылы Жаңатас қаласындағы Ш.Уалиханов атындағы мектеп-гимназиясын тамамдаған. 2003-2008 ж ҚазАТК мамандығы "Тасымалдау, ұйымдастыру" 2009 жылдан отбасылық кәсіпкерлікпен айналысуда. Қазіргі таңда «Байтұр 2050» ЖШС директоры. Сарысу ауданы әкімінің және аудандық мәслихатының алғыс хаттарымен марапатталған. Отбасылы, 4 ұл, 1 қызы бар.

    Дүзкенов Қалдыбек Кәрімжанұлы
    Мәслихат депутат

    Дүзкенов Қалдыбек Кәрімжанұлы

    Мәслихат депутаты

    Дузкенов Калдыбек Каримжанович 1976 жылы 13 қарашада Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылдында дүниеге келген. 1991-1998 жылдары Жайылма ауылындағы В.И.Ленин (қазіргі Әйтеке би) атындағы орта мектебінде оқыды. 1998-2000 жылдары Жамбыл политехникалық колледжінде оқыды. Жеке кәсіпкер. Ауылдағы әр түрлі қоғамдық істердің ортасында жүріп, ауылдың күнделікті өмірінде белсенділік танытып келген. Жастарды спортқа тәрбиелеу, қайырымдылық іс-шаралар өткізу, елді бірлікке шақыру, тағы да басқа игі істерге мұрындық болған. 2016 жылы - «Қарабура мәдени орталығының» Құрмет грамотасымен, 2017 жылы - «Шора батыр» мәдени орталығы» Қоғамдық қорының «Барақ Бигелдіұлы» медалімен, 2017 жылы – «Бегім Ана» қоғамдық қорының «Есет батыр» медалімен, 2022 жылы - «Балалар жылы» аясындағы белсенділігі үшін Жамбыл облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Отбасылы, төрт баласы бар.

    Серікбаев Самат Болатұлы
    Мәслихат депутат

    Серікбаев Самат Болатұлы

    Мәслихат депутаты

    Серікбаев Самат Болатұлы 1994 жылы 16 қараша күні Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылында дүниеге келген. 2001-2012 жылы аралығында Саудакент ауылындағы Б.Адамбаев атындағы орта мектебінде оқыған. 2016 жылы Алматы қаласындағы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық (Зерттеу) Университетін «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығын үздік дипломмен тамамдаған. Әскери кафедрасынан запастағы лейтенант атағын алған. Қазіргі таңда, «Қазфосфат» ЖШС филиалы «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің техникалық бөлімінің жетекші инженері. Отбасылы, 1 баласы бар.

    Наханов Талғат Кәрібекұлы
    Мәслихат депутат

    Наханов Талғат Кәрібекұлы

    Мәслихат депутаты, тұрақты комиссия төрағасы

    Наханов Талгат Карибекулы 1972 жылы 1 наурызда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылында дүниеге келген. 1979-1989 жылы Сарысу ауданы, Шығанақ ауылында С.Сейфуллин атындағы орта мектепті бітіріп шықты. 1995 жылы Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтының ветеринария факултетінің ветеринар-малдәрігері мамандығын алды. 1995 жылы Шығанақ өндірістік кооперативінде ферма малдәрігері. Осы шаруашылықта мал емдеу пунктінің меңгерушісі, шаруашылықтың малдәрігері қызметтерін абыроймен атқарды. 2000-2004 жылдары Шығанақ өндірістік кооперативінің ірі мал маманы. 2004-2016 жылдары Досбол ауылдық округінде ветеринарлық пункт меңгерушісі. Сонымен қатар 2004 жылы жаңадан құрылған «Елдос-2004» шаруа қожалығының басшысы болып сайланды. Бүгінгі күнге дейін осы шаруа қожалығын басқарып келеді. 2018 жылдың желтоқсан айында жаңадан құрылған «JANA KOKDALA» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрағасы болып сайланды. Көптеген марапаттарға ие болған. Отбасылы, 3 баласы бар.

    Абдрахманова Камшат Тұрабайқызы
    Мәслихат депутат

    Абдрахманова Камшат Тұрабайқызы

    Мәслихат депутаты

    Абдрахманова Камшат Тұрабайқызы 1988 жылы 8 сәуірде Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Өндіріс ауылында дүниеге келген. 2010 жылы Тараз қаласындағы Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығымен тамамдаған. Еңбек жолын 2008 жылы Ж.Отарбаев орта мектебі директорының хатшысы болып бастаған. 2010 жылдан бері Ж.Отарбаев орта мектебінің тәлімгері. 1 қызы бар.

    Мусаев Дастан Бакытжанович
    Бас маман

    Мусаев Дастан Бакытжанович

    Бас маман

    Сарысу аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-құқықтық және кадр бөлімшесінің бас маманы Сарысу аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-құқықтық және кадр бөлімшесі бас маманының міндеттері 3.1. Сарысу аудандық мәслихат аппаратының бас маманының міндеті: 3.1.1. Мәслихат аппаратының штат кестесі мен шығыстары сметасының толық сақталуын, бюджет қаражаттарының мақсаты және тиімді жұмсалуын қамтамасыз етеді. 3.1.2. Заңмен белгіленген талаптарға сәйкес аппараттың бюджеттік бағдарламасын әзірлеп, бухгалтерлік есебін және қаржы бақылау органдары алдындағы есептерін жүргізеді, аппарат қызметшілерінің еңбекақысын есептеу, міндетті төлемдер бойынша қаржы аудару операцияларын жасайды. Сатып алынған құрал-жабдықтардың дұрыс және сапалы жұмыс істеуіне жауапты. Мемлекеттік сатып алуға байланысты жұмыстарды ұйымдастырады, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес мемлекеттік сатып алу жоспарын әзірлейді және оған өзгерістер мен толықтыруларды уақтылы енгізеді, сондай-ақ тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуға жауапты. Мемлекеттік сатып алулар туралы хаттамалар және келісім шарттарды рәсімдеу және оларды қазынашылық органдарында тіркеу бойынша жұмыстарды жүргізеді. 3.1.3. Тұрақты комиссияның депутаттық сұраулардың уақтылы қаралуын есеп және бақылау жүргізеді. Аудандық мәслихаттың сессиясына ұсынылатын мәселелерді мәслихаттың депутаттарымен бірлесіп зерделеуді ұйымдастыру мақсатында перспективалық жоспарға сәйкес іссапарларға шығып тұрады. Аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет, агроөнеркәсіп кешені, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жетекшісі және ресми кеңесшісі жұмыста болмаған жағдайда тұрақты комиссия отырысы бойынша қаулы, хаттама әзірлеп, мекемелер мен басқа да тиісті ұйымдарға жеткізеді. 3.1.4. Мәслихат аппаратындағы бухгалтерлік есептің құжаттары, кассалық және материалдық есепшоттар бойынша құжаттар үшін жеке жауап береді. Айлық, тоқсандық және жылдық қаржы жоспарлау бойынша жұмыстарды жүзеге асырады. Аудандық мәслихат қызметі үшін тауарлы-материалдық құндылықтарды алу және есепке алу және сақтау бойынша жұмыстарды жүзеге асырады. Аудандық мәслихаттың және аппараттың елтаңбалы мөрінің және мөртабандарының сақталуына және заңды пайдаланылуына жауап береді. Мәслихат аппаратындағы қызметтік автокөліктің жолдама қағаздарын береді, әрі қабылдайды, оны ұстауға бөлінген бюджет қаражатының есебін жүргізеді. 3.1.5. Аудандық мәслихат аппаратының инспектор іс жүргізушісімен бірлесе отырып мәслихат аппаратына бекітілген материалдық техникалық ресурстардың есебін жүргізеді және олардың сақталуы мен тиімді пайдалануына, аппараттың бюджеттің уақытылы орындалуына жауапты. Мәслихат аппаратымен тұрақты комиссияларды кеңсе тауарларымен және басқа да қызметке қажетті құралдармен қамтамасыз ету, аппарат қызметшілерінің жұмыс істеуіне жағдайлар туғызу мәселелерімен айналысады. 3.1.6. Мәслихат аппаратының бухгалтерлік есебі бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы бөлімдерімен қазынашылық басқармасымен және аудандық мемлекеттік кірістер басқармасымен қарым қатынасын қамтамасыз етеді. Есептердің уақтылы өткізілуін және қызметкерлерге еңбекақы есептеуді ұйымдастырады. Мәслихат аппаратының бухгалтерлік есептілігінде кредиторлық немесе дебиторлық берешектердің болмауын қамтамасыз етеді. 3.1.7. Қазақстан мәслихаттары депутаттарының қоғамдық бірлестігінің аудандық өкілдігінің құжаттарын жүргізеді, оның мүшелік жарналарын жүргізеді. 3.1.8. Аудандық мәслихат депутаттарына өздерінің өкілеттік міндеттерін орындауда, азаматтарды қабылдауда, сайлаушылармен кездесулерін ұйымдастыруда әдістемелік көмек көрсетеді, жетекшілік ететін тұрақты комиссия мүшелерінің атына түскен арыз шағымдарға уақтылы жауап жобасын әзірлейді. Ұйымдастыру-құқықтық және кадр бөлімшесінің басшысы жұмыста болмаған жағдайда сессиялардың, бірлескен, тұрақты комиссия отырыстарының, семинар-кеңестердің құжаттарын дайындап қатысады, шешім жобаларын әзірлеп тиісті мекемелерге жеткізеді. 3.1.9. Мәслихат аппаратының қаржылық айналымның уақытылы және дұрыс жүргізілуіне, аппараттағы мүліктік түгендеу тізбесіне сай қабылданған материалдық-тауарлық құндылықтардың сақталуына, дер кезінде тауарлардың есепке алынуына, есептен шығарылуына жауапты. 3.1.10. Аудандық мәслихат сессиясы өтетін аудан әкімдігінің мәжіліс залының президиумына қажетті құрал-жабдықтармен уақытылы қамтамасыз етілуіне жауапты. 3.1.11. Аудандық мәслихат аппараты қызметшілерінің жұмыс барысында пайдаланатын материалдық құнды тауарларды (канцтауар т.б.) тізім бойынша таратады және тез тозатын бұйымдардың есебін жүргізеді. 3.1.12. Аудандық мәслихат төрағасының, аппарат басшысының және ұйымдастыру-құқықтық және кадр бөлімшесі басшысының өзінің негізгі міндеттеріне сәйкес тапсырмаларын орындайды.

    Муканов Ербол Берикболович
    Бас маман

    Муканов Ербол Берикболович

    Бас маман

    Мен Мұқанов Ербол Берікболұлы 1975 жылы 23 сәуірде Жамбыл облысы Сарысу ауданы Саудакент ауылында дүниеге келдім. 1982 жылы Саудакент ауылындағы Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебіне бардым. Осы аталған мектепті 1992 жылы бітіріп, сол жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының «Бухгалтердлік есеп және аудит» факультетіне оқуға түстім. Бұл жоғары оқу орнын 1996 жылы «Экономист және бухгалтер» мамандығы бойынша бітіріп шықтым. Үйленгем 2 қыз, 1 ұлым бар. Жолдасым Каликова Айнұр Тұяқбайқызы 1983 жылың 1 қаңтарында Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Қоғалы елді мекенінде туылған. Жоғарғы білімді дәрігер (педиатр-неонатолог), қызмет орны Сарысу аудандық орталық ауруханасы директорының емдеу ісі бойынша орынбасары.

    Утебаева Айгерим Муратовна
    Бас маман

    Утебаева Айгерим Муратовна

    Бас маман

    Сарысу аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-құқықтық және кадр бөлімшесінің бас маманы (Е-4, №02-03) Сарысу аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-құқықтық және кадр бөлімшесінің бас маманының міндеттері 3.1. Сарысу аудандық мәслихат аппараты бас маманының міндеті: 3.1.1. Аудандық мәслихаттың білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік-мәдени даму, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланыс және әйелдер істері мен отбасылық-демографиялық саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жетекшісі және ресми кеңесшісі. Тұрақты комиссия мүшелерін өз сайлаушыларымен кездесуін, ауылдық округтердегі қабылдауын ұйымдастырады және аудандық мәслихаттың жұмысы жөнінде керекті анықтамалық құжаттармен қамтамасыз етеді. Тұрақты комиссия отырысы бойынша қаулы, хаттама әзірлеп, мекемелер мен басқа да тиісті ұйымдарға жеткізеді. Тұрақты комиссиясының депутаттық сұраулардың уақтылы қаралуын есеп және бақылау жүргізеді. Аудандық мәслихаттың сессиясына ұсынылатын мәселелерді мәслихаттың депутаттарымен бірлесіп зерделеуді ұйымдастыру мақсатында перспективалық жоспарға сәйкес іссапарларға шығып тұрады. 3.1.2. Сессиялардың, бірлескен тұрақты комиссия отырыстарының, көпшілік тыңдаулардың, семинар-кеңестердің құжаттарын дайындап, қатысады. Жетекшілік ететін тұрақты комиссияға қатысты аудандық мәслихаттың қабылдаған шешімдері мен қаулыларының орындалуына бақылау жұмыстарын жүргізеді. 3.1.3. Сарысу ауданының Құрмет грамотасымен, алғыс хаттарымен марапаттау жөніндегі комиссиясының жұмысын жүргізеді. 3.1.4. Мәслихат аппаратындағы кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы жүргізеді. Аудандық мәслихат аппаратының кадр құрамын қалыптастырады, конкурстық іріктеуді ұйымдастырады. Аудандық мәслихат аппаратында кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті, тағылымдамадан өтуін ұйымдастырады. Аудандық мәслихат аппаратындағы мемлекеттік әкімшілік және келісім-шарт негізіндегі қызметшілердің жеке істерін жүргізеді, мемлекеттік қызметті өтеумен байланысты құжаттарын сақтауды, есебін жүргізуді жүзеге асырады. Аудандық мәслихат шешімдерінің, тиісті тұрақты комиссиясының қаулыларының орындалу барысына бақылауды жүзеге асырады. Аудандық мәслихаттың бланкілерінің пайдаланылуын, сақталуын қамтамасыз етеді. Аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-құқықтық және кадр бөлімшесінің басшысымен бірлесіп мәслихат төрағасымен тағайындалатын және қызметтен босатылатын мемлекеттік қызметшілер жөнінде кадрлық мәселелер бойынша (тағайындау, қызметтен босату, тәртіптік жаза қолдану, іс-сапар және т.б.) аудандық мәслихат төрағасының өкімдерін дайындайды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің облыстық басқармасына тиісті мәліметтер, есептер ұсынады. 3.1.5. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің бағалау жұмысын жүргізеді, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына баруын ұйымдастырады. 3.1.6. Мәслихат аппаратының еңбек өтілінің хаттамасын, оқу кестесін, кезекті еңбек демалысының тізімін, іс сапар куәлігін әзірлейді. 3.1.7. Аудандық мәслихат төрағасының мереке күндеріне байланысты құттықтауларын әзірлейді. 3.1.8. Аппарат қызметшілерінің еңбек кітапшаларының сақталуын жүзеге асырады, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жеке іс қағазын жүргізеді. 3.1.9. Перспективалық жұмыс жоспарға сәйкес, жетекшілік ететін тұрақты комиссияның құзырындағы сессияда қаралатын мәселені жұмысшы топ құрамында зерделеп, шешім жобасын әзірлейді. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби аппаратын қалыптастырып, кадр тұрақтылығын қамтамасыз ету саясатын, мемлекеттік стратегиялық бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етеді. 3.1.10. Жетекшілік ететін тұрақты комиссия мүшелерінің атына түскен арыз шағымдарға уақытылы жауап жобасын әзірлейді. Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бағытында, оның ішінде мүшелерін қалыптастыру бойынша жұмысшы топтың хатшысы. Аталған мәселе бойынша отырысты хаттамасын жүргізеді. 3.1.11. Байқадам, Игілік және Жаңаталап ауылдық округтеріндегі ұйымдастыру және Жаңатас қаласы әдістемелік көмек беру мәселелері бойынша жұмыстарға жауапты. Бекітілген ауылдық округтерде Елбасының жыл сайынғы Жолдауын насихаттауға жәрдемдеседі. 3.1.12. Аудандық мәслихат төрағасының, аппарат басшысының және ұйымдастыру-құқықтық және кадр бөлімшесі басшысының өзінің негізгі міндеттеріне сәйкес тапсырмаларын орындайды.