
Өмірбаян
Мен Мұқанов Ербол Берікболұлы 1975 жылы 23 сәуірде Жамбыл облысы Сарысу ауданы Саудакент ауылында дүниеге келдім.
1982 жылы Саудакент ауылындағы Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебіне бардым. Осы аталған мектепті 1992 жылы бітіріп, сол жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының «Бухгалтердлік есеп және аудит» факультетіне оқуға түстім. Бұл жоғары оқу орнын 1996 жылы «Экономист және бухгалтер» мамандығы бойынша бітіріп шықтым.
Үйленгем 2 қыз, 1 ұлым бар. Жолдасым Каликова Айнұр Тұяқбайқызы 1983 жылың 1 қаңтарында Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Қоғалы елді мекенінде туылған.
Жоғарғы білімді дәрігер (педиатр-неонатолог), қызмет орны Сарысу аудандық орталық ауруханасы директорының емдеу ісі бойынша орынбасары.
Еңбек жолын 1996 жылдың 26 тамызынан бастадым:
1996-1997 ж.ж Сарысу аудандық қаржы бөлімінің «Халық шаруашылығын қаржыландыру» жөніндегі бас маманы;
1997-1998 ж.ж Сарысу аудандық қаржы бөлімінің «Болжамдау» бөлімшесінің аға маманы;
1998-1999 ж.ж Сарысу аудандық қаржы бөлімінің «Болжамдау және экономикалық талдау» бөлімшесінің бас маманы;
1999-2005 ж.ж Сарысу аудандық қаржы бөлімінің «Бюджеттік» бөлімшесінің бас маманы;
2005-2006 ж.ж Сарысу ауданы әкімиятының экономика және қаржы бөлімінің «Бюджетті жоспарлау және бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету» бөлімшесінің бас маманы;
2006-2008 ж.ж Сарысу ауданы әкімиятының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы;
2008-2010 ж.ж Сарысу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары;
2010-2013 ж.ж Сарысу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің «Экономикалық саясат және жоспарлау» бөлімшесінің меңгерушісі;
2013-2016 ж.ж Жаңатас қаласы әкімінің орынбасары;
2016-2024 ж.ж Сарысу аудандық мәслихаты аппаратының «Мемлекеттік-құқықтық және кадр» бөлімшесінің басшысы қызметін атқарып келемін.
2024 - Сарысу аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-құқықтық және кадр бөлімшесінің бас маманы





