Мусаев Дастан Бакытжанович

    Бас маман

    Мусаев Дастан Бакытжанович
    Главный специалист

    Мусаев Дастан Бакытжанович

    Бас маман

    Өмірбаян

    Сарысу аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-құқықтық және кадр бөлімшесінің бас маманы

    1. Сарысу аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-құқықтық және кадр бөлімшесі бас маманының міндеттері

    3.1. Сарысу аудандық мәслихат аппаратының бас маманының міндеті:

    3.1.1. Мәслихат аппаратының штат кестесі мен шығыстары сметасының толық сақталуын, бюджет қаражаттарының мақсаты және тиімді жұмсалуын қамтамасыз етеді.

    3.1.2. Заңмен белгіленген талаптарға сәйкес аппараттың бюджеттік бағдарламасын әзірлеп, бухгалтерлік есебін және қаржы бақылау органдары алдындағы есептерін жүргізеді, аппарат қызметшілерінің еңбекақысын есептеу, міндетті төлемдер бойынша қаржы аудару операцияларын жасайды. Сатып алынған құрал-жабдықтардың дұрыс және сапалы жұмыс істеуіне жауапты. Мемлекеттік сатып алуға байланысты жұмыстарды ұйымдастырады, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес мемлекеттік сатып алу жоспарын әзірлейді және оған өзгерістер мен толықтыруларды уақтылы енгізеді, сондай-ақ тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуға жауапты. Мемлекеттік сатып алулар туралы хаттамалар және келісім шарттарды рәсімдеу және оларды қазынашылық органдарында тіркеу бойынша жұмыстарды жүргізеді.

    3.1.3. Тұрақты комиссияның депутаттық сұраулардың уақтылы қаралуын есеп және бақылау жүргізеді. Аудандық мәслихаттың сессиясына ұсынылатын мәселелерді мәслихаттың депутаттарымен бірлесіп зерделеуді ұйымдастыру мақсатында перспективалық жоспарға сәйкес іссапарларға шығып тұрады. Аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет, агроөнеркәсіп кешені, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жетекшісі және ресми кеңесшісі жұмыста болмаған жағдайда тұрақты комиссия отырысы бойынша қаулы, хаттама әзірлеп, мекемелер мен басқа да тиісті ұйымдарға жеткізеді.

    3.1.4. Мәслихат аппаратындағы бухгалтерлік есептің құжаттары, кассалық және материалдық есепшоттар бойынша құжаттар үшін жеке жауап береді. Айлық, тоқсандық және жылдық қаржы жоспарлау бойынша жұмыстарды жүзеге асырады. Аудандық мәслихат қызметі үшін тауарлы-материалдық құндылықтарды алу және есепке алу және сақтау бойынша жұмыстарды жүзеге асырады. Аудандық мәслихаттың және аппараттың елтаңбалы мөрінің және мөртабандарының сақталуына және заңды пайдаланылуына жауап береді. Мәслихат аппаратындағы қызметтік автокөліктің жолдама қағаздарын береді, әрі қабылдайды, оны ұстауға бөлінген бюджет қаражатының есебін жүргізеді.

    3.1.5. Аудандық мәслихат аппаратының инспектор іс жүргізушісімен бірлесе отырып мәслихат аппаратына бекітілген материалдық техникалық ресурстардың есебін жүргізеді және олардың сақталуы мен тиімді пайдалануына, аппараттың бюджеттің уақытылы орындалуына жауапты. Мәслихат аппаратымен тұрақты комиссияларды кеңсе тауарларымен және басқа да қызметке қажетті құралдармен қамтамасыз ету, аппарат қызметшілерінің жұмыс істеуіне жағдайлар туғызу мәселелерімен айналысады.

    3.1.6. Мәслихат аппаратының бухгалтерлік есебі бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы бөлімдерімен қазынашылық басқармасымен және аудандық мемлекеттік кірістер басқармасымен қарым қатынасын қамтамасыз етеді. Есептердің уақтылы өткізілуін және қызметкерлерге еңбекақы есептеуді ұйымдастырады. Мәслихат аппаратының бухгалтерлік есептілігінде кредиторлық немесе дебиторлық берешектердің болмауын қамтамасыз етеді.

    3.1.7. Қазақстан мәслихаттары депутаттарының қоғамдық бірлестігінің аудандық өкілдігінің құжаттарын жүргізеді, оның мүшелік жарналарын жүргізеді.

    3.1.8. Аудандық мәслихат депутаттарына өздерінің өкілеттік міндеттерін орындауда, азаматтарды қабылдауда, сайлаушылармен кездесулерін ұйымдастыруда әдістемелік көмек көрсетеді, жетекшілік ететін тұрақты комиссия мүшелерінің атына түскен арыз шағымдарға уақтылы жауап жобасын әзірлейді. Ұйымдастыру-құқықтық және кадр бөлімшесінің басшысы жұмыста болмаған жағдайда сессиялардың, бірлескен, тұрақты комиссия отырыстарының, семинар-кеңестердің құжаттарын дайындап қатысады, шешім жобаларын әзірлеп тиісті мекемелерге жеткізеді.

    3.1.9. Мәслихат аппаратының қаржылық айналымның уақытылы және дұрыс жүргізілуіне, аппараттағы мүліктік түгендеу тізбесіне сай қабылданған материалдық-тауарлық құндылықтардың сақталуына, дер кезінде тауарлардың есепке алынуына, есептен шығарылуына жауапты.

    3.1.10. Аудандық мәслихат сессиясы өтетін аудан әкімдігінің мәжіліс залының президиумына қажетті құрал-жабдықтармен уақытылы қамтамасыз етілуіне жауапты.

    3.1.11. Аудандық мәслихат аппараты қызметшілерінің жұмыс барысында пайдаланатын материалдық құнды тауарларды (канцтауар т.б.) тізім бойынша таратады және тез тозатын бұйымдардың есебін жүргізеді.

    3.1.12. Аудандық мәслихат төрағасының, аппарат басшысының және ұйымдастыру-құқықтық және кадр бөлімшесі басшысының өзінің негізгі міндеттеріне сәйкес тапсырмаларын орындайды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері