Жұмағұлов Бақыт Серікұлы

    Аппарат басшысы

    Жұмағұлов Бақыт Серікұлы
    Руководитель аппарата

    Жұмағұлов Бақыт Серікұлы

    Аппарат басшысы

    Өмірбаян

    Жұмағұлов Бақыт Серікұлы 1965 жылы 28 қыркүйекте Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Құмөзек ауылында дүниеге келген.

    1982 жылы Мойынқұм ауданы, Ақжар атындағы орта мектебін аяқтаған.

    1983-1985 жж. әскер қатарында қызмет етті.

    Еңбек жолын 1989 жылы Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінде милиция қызметін атқарудан бастаған. 1989-2009 жж. Жамбыл облыстық ішкі істер департаменті, Сарысу аудандық ішкі істер бөлімінде милиция қызметінде.

    2007 жылы Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы Қырғыз мемлекеттік заң академиясын «Құқық» мамандығы бойынша аяқтаған.

    2009-2016 жж. Сарысу аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары;

    2016-2018 жж. Сарысу аудандық жергілікті полиция бөлімінің бастығы; 2019-2021 жж. Сарысу ауданы әкімінің аппараты, аудан әкімінің бас инспекторы;

    2021 жылдың 15 желтоқсанынан Сарысу аудандық мәслихаты аппаратының басшысы қызметін атқаруда.

    Отбасылық жағдайы: үйленген, екі ұл, бір қызы бар.

    Сарысу аудандық мәслихат аппаратының басшысы

    (Е-2, №01-01)

    Сарысу аудандық мәслихат аппараты басшысының міндеттері

    3.1. Сарысу аудандық мәслихат аппараты басшысының міндеті:

    3.1.1. Аудандық мәслихат аппаратының жұмысын ұйымдастырып, басшылық жасайды.

    3.1.2. Аудандық мәслихаттың сессия құжаттарының уақтылы дайындалуына және олардың депутаттарға мерзімінде тапсырылуына, аудандық мәслихаттың жылдық перспективалық және мәслихат аппаратының тоқсандық жұмыс жоспарларының орындалуына бақылау жасап, жүзеге асырады.

    3.1.3. Аудандық мәслихаттың сессиясына ұсынылатын мәселелерді мәслихаттың депутаттарымен бірлесіп зерделеуді ұйымдастыру мақсатында перспективалық жоспарға сәйкес іссапарларға шығып тұрады.

    3.1.4. Семинарларды, бұқаралық көпшілік тыңдауларды және тұрақты комиссиялардың бірлескен отырыстарының құжаттарын қадағалайды, олардың тұрақты өтуін бақылайды.

    3.1.5. Аудандық мәслихат регламентінің қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында, оған уақытылы өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді қадағалайды және бақылауын жүзеге асырады.

    3.1.6. Аудан әкімі және өзгеде мемлекеттік органдардан мәслихат сессиясының күн тәртібіне енгізу үшін келіп түскен материалдарды зерделейді.

    3.1.7. Аудандық «Сарысу» газетіне аудандық мәслихаттың атқарған жұмысы туралы мақалалардың жариялануын ұйымдастырады.

    3.1.8. Аудандық мәслихаттың сессиясының шешімдерінің және тұрақты комиссиялардың қаулыларының орындалуын бақылап, жүзеге асырады және нәтижесін жыл қорытындысымен сессия барысында хабарлайды.

    3.1.9. Сессияда қабылданған, міндетті жариялануға жататын шешімдердің, мәслихат төрағасының өкімдерінің бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қадағалайды.

    3.1.10. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары, «AMANAT» партиясының Сарысу аудандық мәслихатындағы депутаттық фракция мүшелерін және аппараттың, мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынасты талапқа сай ұйымдастырады.

    3.1.11. Депутаттардың ұсыныстарын, сын-ескертулерін, сауалдарын жинақтап қорытуды, есепке алып атқарушыларға жолдануын және олардың мерзімінде орындалуын бақылайды.

    3.1.12. Тұрақты комиссиялардың және мәслихат аппаратының өзара қарым-қатынастарын үйлестіреді, аудан әкімі аппаратымен, департаменттермен, басқармалармен, аудандық әкімдіктің комиссияларымен, қоғамдық бірлестіктермен тығыз байланыста жұмыс атқарады.

    3.1.13. ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша басқармасына мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің біліктілік талаптары жинағына сәйкес, бос орынға қызметшілердің конкурстық таңдауын ұйымдастырады.

    3.1.14. Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары құрамындағы өзгерістерге мониторинг жүргізеді.

    3.1.15. Ұйымдастыру-құқықтық және кадр бөлімшесінің басшысы тарапынан заңдылық сараптама жүргізілген аудандық мәслихаттың шешімдері, қаулылары мен мәслихат хатшысының өкімдерінің барлық парағына қол қояды (парафирование). Түскен арыз шағымдарға құзыреті бойынша уақытылы жауап жобасын әзірлейді.

    3.1.16. Жеке сұрақтары бойынша азаматтарға қабылдау жүргізеді.

    3.1.17. Аудандық мәслихат төрағасының өзінің негізгі міндеттеріне сәйкес тапсырмаларын орындайды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері