
Өмірбаян
Сарысу аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-құқықтық және кадр бөлімшесінің бас маманы(Е-4, №02-03)
- Сарысу аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-құқықтық және кадр бөлімшесінің бас маманының міндеттері
3.1. Сарысу аудандық мәслихат аппараты бас маманының міндеті:
3.1.1. Аудандық мәслихаттың білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік-мәдени даму, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланыс және әйелдер істері мен отбасылық-демографиялық саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жетекшісі және ресми кеңесшісі.
Тұрақты комиссия мүшелерін өз сайлаушыларымен кездесуін, ауылдық округтердегі қабылдауын ұйымдастырады және аудандық мәслихаттың жұмысы жөнінде керекті анықтамалық құжаттармен қамтамасыз етеді. Тұрақты комиссия отырысы бойынша қаулы, хаттама әзірлеп, мекемелер мен басқа да тиісті ұйымдарға жеткізеді. Тұрақты комиссиясының депутаттық сұраулардың уақтылы қаралуын есеп және бақылау жүргізеді. Аудандық мәслихаттың сессиясына ұсынылатын мәселелерді мәслихаттың депутаттарымен бірлесіп зерделеуді ұйымдастыру мақсатында перспективалық жоспарға сәйкес іссапарларға шығып тұрады.
3.1.2. Сессиялардың, бірлескен тұрақты комиссия отырыстарының, көпшілік тыңдаулардың, семинар-кеңестердің құжаттарын дайындап, қатысады. Жетекшілік ететін тұрақты комиссияға қатысты аудандық мәслихаттың қабылдаған шешімдері мен қаулыларының орындалуына бақылау жұмыстарын жүргізеді.
3.1.3. Сарысу ауданының Құрмет грамотасымен, алғыс хаттарымен марапаттау жөніндегі комиссиясының жұмысын жүргізеді.
3.1.4. Мәслихат аппаратындағы кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы жүргізеді. Аудандық мәслихат аппаратының кадр құрамын қалыптастырады, конкурстық іріктеуді ұйымдастырады. Аудандық мәслихат аппаратында кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті, тағылымдамадан өтуін ұйымдастырады. Аудандық мәслихат аппаратындағы мемлекеттік әкімшілік және келісім-шарт негізіндегі қызметшілердің жеке істерін жүргізеді, мемлекеттік қызметті өтеумен байланысты құжаттарын сақтауды, есебін жүргізуді жүзеге асырады. Аудандық мәслихат шешімдерінің, тиісті тұрақты комиссиясының қаулыларының орындалу барысына бақылауды жүзеге асырады. Аудандық мәслихаттың бланкілерінің пайдаланылуын, сақталуын қамтамасыз етеді. Аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-құқықтық және кадр бөлімшесінің басшысымен бірлесіп мәслихат төрағасымен тағайындалатын және қызметтен босатылатын мемлекеттік қызметшілер жөнінде кадрлық мәселелер бойынша (тағайындау, қызметтен босату, тәртіптік жаза қолдану, іс-сапар және т.б.) аудандық мәслихат төрағасының өкімдерін дайындайды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің облыстық басқармасына тиісті мәліметтер, есептер ұсынады.
3.1.5. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің бағалау жұмысын жүргізеді, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына баруын ұйымдастырады.
3.1.6. Мәслихат аппаратының еңбек өтілінің хаттамасын, оқу кестесін, кезекті еңбек демалысының тізімін, іс сапар куәлігін әзірлейді.
3.1.7. Аудандық мәслихат төрағасының мереке күндеріне байланысты құттықтауларын әзірлейді.
3.1.8. Аппарат қызметшілерінің еңбек кітапшаларының сақталуын жүзеге асырады, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жеке іс қағазын жүргізеді.
3.1.9. Перспективалық жұмыс жоспарға сәйкес, жетекшілік ететін тұрақты комиссияның құзырындағы сессияда қаралатын мәселені жұмысшы топ құрамында зерделеп, шешім жобасын әзірлейді. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби аппаратын қалыптастырып, кадр тұрақтылығын қамтамасыз ету саясатын, мемлекеттік стратегиялық бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етеді.
3.1.10. Жетекшілік ететін тұрақты комиссия мүшелерінің атына түскен арыз шағымдарға уақытылы жауап жобасын әзірлейді. Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бағытында, оның ішінде мүшелерін қалыптастыру бойынша жұмысшы топтың хатшысы. Аталған мәселе бойынша отырысты хаттамасын жүргізеді.
3.1.11. Байқадам, Игілік және Жаңаталап ауылдық округтеріндегі ұйымдастыру және Жаңатас қаласы әдістемелік көмек беру мәселелері бойынша жұмыстарға жауапты. Бекітілген ауылдық округтерде Елбасының жыл сайынғы Жолдауын насихаттауға жәрдемдеседі.
3.1.12. Аудандық мәслихат төрағасының, аппарат басшысының және ұйымдастыру-құқықтық және кадр бөлімшесі басшысының өзінің негізгі міндеттеріне сәйкес тапсырмаларын орындайды.





