Қызметкерлер — Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы

    Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    2
    Сали Нұртас Төребекұлы
    Басқарма басшысы

    Сали Нұртас Төребекұлы

    Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы

    Туылған жері:1992 жылғы 25 қазан Туылған жері: Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы Білімі-Жоғары: 2014 жыл – Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – Мемлекеттік жергілікті басқару

    Театр және концерттік ұйымдарКітапханаларТарихи-мәдени мұраМемлекеттік шығармашылық тапсырыс
    Базаралиева Гулнар Жанамбаевна
    Басқарма басшысының орынбасары

    Базаралиева Гулнар Жанамбаевна

    Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының қаржы және архив ісі жөніндегі орынбасары

    Қызылорда облысында дүниеге келген. 1985 жыл - Семей финанс-экономикалық техникумы 2005 жыл - Халықаралық Еңбек Академиясы

    Бөлім

    4
    Қызметкерлер

    Аширова Әсем Мұстапақызы

    Мәдениет және өнер саласын дамыту, жиынтық - талдау бөлімінің басшысы

    Қазақстан Республикасы, Атырау облысында дүниеге келген. 2011 жыл - Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетін аяқтаған.

    Қызметкерлер

    Ықыласқызы Айгүл

    Тілдерді дамыту, архив ісі және ономастикалық жұмыстар бөлімі басшысы

    2001 жыл - Қ. Яссауи атындағы қазақ-түрік мемлекеттік университеті 2013 жыл - Өңірлік әлеуметтік-инновациялық университет

    Қызметкерлер

    Алиев Расул Тлегенович

    Тарихи-мәдени мұра және әкімшілік жұмыстар бөлімінің басшысы

    Ұлты - Қазақ Білімі - Жоғары Мамандығы - Заңгер, Қазақ Ұлттық аграрлық университеті, 2014 жыл

    Басқа қызметкерлер

    8
    Қызметкерлер

    Айтуарова Зауре Жаншақызы

    Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының директоры.

    Айтуарова Зәуре Жаншақызы 1968 жылы 17 сәуірде Гурьев облысы, Доссор елді мекенінде дүниеге келген. 1987 жылы Гурьев қаласындағы мәдени-ағарту училищесінің кітапхана ісі және библиография факультетін тәмәмдаған. 1991 жылы Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтында балалар мен жасөспірімдер кітапханаларының кітапханашы-библиографы мамандығы бойынша мамандық алып шыққан. Оқуды бітіргеннен кейін Ералиев аудандық кітапханасында кітапханашы болып жұмыс істеген, содан кейін аудандық білім беру бөліміне ауыстырылған, ол жерде № 2 орта мектеп кітапханасының меңгерушісі болған.1993 жылы сәуірде Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының өнер әдебиет бөліміне жұмысқа қабылданған, 1998 жылы өнер секторының меңгерушісі қызметіне, 2001 жылы оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің менгерушісі қызметіне ауыстырылған.2003 жылы Маңғыстау облыстық кітапхансы директорының орынбасары, 2011 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының директоры.

    Қызметкерлер

    Абланова Эльвира Амангелдіқызы

    Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи өлкетану музейінің директоры

    АБЛАНОВА ЭЛЬВИРА АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ – 26.01.1970 жылы Маңғыстау облысында туған. Білімі – Жоғары, 1992 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университетінің тарих факультетін, 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университетінің аспирантурасын, 2005 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық Университетінің құқықтану факультетін тәмамдаған. Ғылыми дәрежесі - Тарих ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолы: 1992-1994 жж. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының Ақтау филалының оқытушысы, 1993 ж. Атырау институты Ақтау филиалының «Қоғамдық пәндер» кафедрасында кафедра меңгерушісі. 1994-1998 жж. Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университеті, тарих факультеті «Жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы» кафедрасының аспиранты. 1999 жылы профессор Қ.С. Қаражанның ғылыми жетекшілігімен «Қазақтар динамикасы». (1959-1970 жж. Халық санағы негізінде) атты кандидаттық диссертация қорғаған. 1999-2001 жж. Ш.Есенов атындағы Ақтау университетінің аға оқытушысы. 2001-2007 жж. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті Ақтау филиалының «Әлеуметтік пәндер кафедрасында» кафедра меңгерушісі, 2004-2005 жж. филиал директорының «халықаралық және ғылыми қатынастар» ісі жөніндегі орынбасары. 2009-2012 жж. Маңғыстау политехникалық колледжінің оқытушысы. 2012-2013 жж. Ш.Есенов атындағы Каспий инжиниринг және технологиялар университеті жанындағы Арал-Каспий өңірі тарихи-мәдени мұраларын халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері. 2012-2015 жылдары Ш.Есенов атындағы Каспий инжиниринг және технологиялар университеті «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының доценті. 2015-2021 жж. Ш.Есенов атындағы Каспий инжиниринг және технологиялар университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі. 2021 жылдан Маңғыстау облыстық мемлекеттік архивінің архивист, бас эксперт - сарапшысы қызметін атқарған.

    Қызметкерлер

    Тастаев Айдос

    Н. Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының директоры

    20.02.1975ж Ресей, Самара облысы, Большечерниговский ауданы, Кошкин кентінде дүниеге келген. 1995-2000жж Алматы қаласы,Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы, драма режиссері мамандығына оқыған.

    Қызметкерлер

    Сағынғалиұлы Данияр

    Облыстық М. Өскінбаев атындағы филормония директоры

    Базарбаев Бекбол Таңатарұлы /Базарбаев Бекбол Танатарович/ М.Өскінбаев ат. Маңғыстау облыстық филармония МКҚК-ның директоры 10 қыркүйек 1960 жылы Өзбекстан республикасының Сырдария облысында дүниеге келген Білімі: жоғары Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: ҚР-ның білім озаты Жалпы жұмыс өтілі: 37 жыл Саладағы жұмыс өтілі: 37 жыл 1973-1978жж-Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік Консерваториясының домбыра-тенор мамандығы бойынша бітіріп, концерттік орындаушы және оқытушы квалификациясы берілген. Еңбек жолын 1983 жылдан Қызылорда музыкалық училищесінінің ұлт аспаптар мамандығының оқытушысы. 1984-1992 жылдар аралығында Шымкент облысының Жетісай мәдени ағарту училищесінде домбыра класының оқытушысы және дирижерлау мамандығы бойынша қызмет атқарды. 1992-1997 жж.. Шымкент облысының Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай педагогикалық колледжінде музыка бөлімінің және орыс мектеп бөлімінің меңгерішісі. 1997-1998жж К.А.Яссауи ат. Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы «Сырдария» колледжінің мәдениет, денсаулық және спорт бөлімінің бастығы. 1998-2001 жж. Маңғыстау өнер колледжінде домбыра класының мұғалімі және оқу жұмыстары директорының орынбасары. 2001-2004жж. Маңғыстау облыстық филармония директоры. 2006-2012 жж «М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармония» МКҚК-ның директоры. 2013-2017жж Маңғыстау облысының мәдениет басқармасының басшысы 2017 жылдан бастап «М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармония» МКҚК-ның директоры. 2001-2018жж Франция, Сеул, Баку, Өзбекстан, Ашхабад, Түркменбаши т,б сондай-ақ Елбасының 20 қадам Еңбекке, адал кәсіби табысқа ,Отанға қызмет етуге,жоғарғы патриоттық ниеттерге оң көзқарастар қалыптастыратын отандық әлеуметтік мәдени өнімдерді жаңғырту бойынша ОҚО,Атырау, Павлодар қалаларында гастрольдік сапарларды, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмеде шығармашылық ұжымдардың концерттерін жоғары деңгейде ұйымдастырды. 2006 жылы М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармония жанынан кіші симфониялық оркестр құрды. 2014 жылы М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармония жанынан би тобын құрды. 1976 жылы құрылған вокалды аспаптар анасамблі «Ақ шағала», Елбасының «»Рухани жаңғыру»бағдарламасы аясында 2018 жылы жаңғыртылып қайта құрды. 2011,2015,2018жж Маңғыстау облыстық филармониясының ұйымдастыруымен өткізілген Маңғыстаудың тұңғыш кәсіби дирижеры Боздақ Рзаханов атындағы «Сиқырлы таяқша» Республикалық дирижерлар байқауын жоғары деңгейде өткізді. 2009 ж ҚРМәдениет қайраткері төс белгісімен марапатталды. Елбасының алғыс хатымен марапатталды. Облыс,қалалық әкімдердің құрмет грамотасы, алғыс хаттарымен марапатталды. Маңғыстау облысына 40,45 жыл; Ақтау қаласына 50,55 жыл толуларына орай төс белгілерімен марапатталды. 2020 жылы «Құрмет» орденінің иегері

    Қызметкерлер

    Кетеева Жадыра Жаксылыковна

    "Отпан" МКҚК директорының міндетін атқарушы

    Кетеева Жадыра Жақсылыққызы 1 қазан1975 жылы. Қарақия ауданы, Жетыбай ауылында дүниеге келген. 1982-1992 жж №8 Орта мектеп п.Жетыбай 2006 ж Е. Букетов атындағы Қарағанды университеті

    Қызметкерлер

    Зейлова Ақмарал Шырақбайқызы

    Маңғыстау облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығының директоры

    Зейлова Ақмарал Шырақбайқызы Зейлова Ақмарал Шырақбайқызы 08.12.1969 ж Маңғыстау ауданы Шетпе селосында дүниеге келген. 1976-1971жж Шетпе селосы №2 орта мектеп 1981-1986 жж Шетпе селосы №3 орта мектеп 1986-1987 жж Шетпе селосы №5 кәсіптік техникалық училищесі 1987-1990 жж Ақтөбе қаласын, Индустриалды-педагогикалық техникумы 1990-1991 жж Шетпе селосындағы №2 орта мектепте мұғалім, 1991 жылдың қыркүйек айынан 2002 жылдың тамыз айына дейін №3 орта мектепте мұғалім, 1996-2002 жылдар аралығында мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары. 2002-2006 жылдар аралығында аудандық білім бөлімінде әдіскер, бас маман . 2006- ж Шетпе селосындағы «Өрлеу» мемлекеттік қазыналық кәсіп орнының директоры. 2010 жылдан бастап Маңғыстау облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығының директоры Қазақстан Республикасының «Мәдениет саласының үздігі»; Қазақстан Республикасының ассамблеясының 20-жылдығына арналған мерекелік медалі; Ақтау қаласының 55 жылдығының мерекелік медалі, құрмет грамоталары мен марапатталған.

    Қызметкерлер

    Садимекова Минара Кулбаевна

    Маңғыстау облысының мемлекеттік архивінің директоры

    Садимекова Минара Кулбаевна, Маңғыстау облысының мемлекеттік архивінің директоры Туған жылы: 1965 жылдың 4 қантары Туған орны: Өзбекстан Республикасы Ұлты: қазақ Білім: жоғарғы, 1990 жылы Нөкіс Мемлекеттік Университетін, 2007 жылы Орталық Азия Университетін бітірген. Енбек қызметі: 1983-1993 жылдары әр түрлі мекемелерде жұмыс істеді, 1992-2008 жылдары білім саласында орыс тілі мүғаліміден балалар ауылы директор орынбасарына дейін қызмет атқарды. 2008 сәуірінен – Маңғыстау облысының мемлекеттік архивінің 2008 қарашасына дейін жинақтау және ведомстволық архивтерге бақылау жасау бөлімінің архивисті 2008 – 2014 жылдары Маңғыстау облысының архивтер мен құжаттама басқармасының бас маманы 2014 – 2015 жылдар Маңғыстау облысының мемлекеттік архивінің аға сарапшы 2015 жылы Маңғыстау облысының мемлекеттік архивінің директоры