Айтуарова Зауре Жаншақызы
Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының директоры.
Өмірбаян
Айтуарова Зәуре Жаншақызы 1968 жылы 17 сәуірде Гурьев облысы, Доссор елді мекенінде дүниеге келген.
1987 жылы Гурьев қаласындағы мәдени-ағарту училищесінің кітапхана ісі және библиография факультетін тәмәмдаған.
1991 жылы Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтында балалар мен жасөспірімдер кітапханаларының кітапханашы-библиографы мамандығы бойынша мамандық алып шыққан.
Оқуды бітіргеннен кейін Ералиев аудандық кітапханасында кітапханашы болып жұмыс істеген, содан кейін аудандық білім беру бөліміне ауыстырылған, ол жерде № 2 орта мектеп кітапханасының меңгерушісі болған.1993 жылы сәуірде Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының өнер әдебиет бөліміне жұмысқа қабылданған, 1998 жылы өнер секторының меңгерушісі қызметіне, 2001 жылы оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің менгерушісі қызметіне ауыстырылған.2003 жылы Маңғыстау облыстық кітапхансы директорының орынбасары, 2011 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының директоры.