Абланова Эльвира Амангелдіқызы
Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи өлкетану музейінің директоры
Өмірбаян
АБЛАНОВА ЭЛЬВИРА АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ – 26.01.1970 жылы Маңғыстау облысында туған.
Білімі – Жоғары, 1992 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университетінің тарих факультетін, 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университетінің аспирантурасын, 2005 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық Университетінің құқықтану факультетін тәмамдаған.
Ғылыми дәрежесі - Тарих ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолы:
1992-1994 жж. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының Ақтау филалының оқытушысы, 1993 ж. Атырау институты Ақтау филиалының «Қоғамдық пәндер» кафедрасында кафедра меңгерушісі.
1994-1998 жж. Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университеті, тарих факультеті «Жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы» кафедрасының аспиранты. 1999 жылы профессор Қ.С. Қаражанның ғылыми жетекшілігімен «Қазақтар динамикасы». (1959-1970 жж. Халық санағы негізінде) атты кандидаттық диссертация қорғаған.
1999-2001 жж. Ш.Есенов атындағы Ақтау университетінің аға оқытушысы.
2001-2007 жж. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті Ақтау филиалының «Әлеуметтік пәндер кафедрасында» кафедра меңгерушісі, 2004-2005 жж. филиал директорының «халықаралық және ғылыми қатынастар» ісі жөніндегі орынбасары.
2009-2012 жж. Маңғыстау политехникалық колледжінің оқытушысы. 2012-2013 жж. Ш.Есенов атындағы Каспий инжиниринг және технологиялар университеті жанындағы Арал-Каспий өңірі тарихи-мәдени мұраларын халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері.
2012-2015 жылдары Ш.Есенов атындағы Каспий инжиниринг және технологиялар университеті «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының доценті.
2015-2021 жж. Ш.Есенов атындағы Каспий инжиниринг және технологиялар университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі.
2021 жылдан Маңғыстау облыстық мемлекеттік архивінің архивист, бас эксперт - сарапшысы қызметін атқарған.