Кетеева Жадыра Жаксылыковна
"Отпан" МКҚК директорының міндетін атқарушы
Өмірбаян
Кетеева Жадыра Жақсылыққызы 1 қазан1975 жылы. Қарақия ауданы, Жетыбай ауылында дүниеге келген.
1982-1992 жж №8 Орта мектеп п.Жетыбай
2006 ж Е. Букетов атындағы Қарағанды университеті
1993 жылы еңбек жолын Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінде экскурсовод болып бастаған. 2000 - 2003 жылдар аралығында экскурсия-көпшілік бөлімінің меңгерушісі. 2004 - 2006 жылдарда археология-этнография бөлімінің ғылыми қызметкері, 2006 жылдан 2017 жылға дейін музейдің бас қор сақтаушы қызметін атқарған.
2006 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің эколог, экология және биология пәнінің мұғалімі мамандығын алып шыққан.
Маңғыстау облыстық Тарихи-өлкетану музейінде қызмет еткен 24 жыл ішінде музейдің ғылыми, зерттеу, насихаттау және қоғамдық жұмыстарына қатысқан. Музей қоры және жәдігерлерді іздеу, жинақтау, тіркеу, сақтау жұмыстарын ұйымдастырған. «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша жарық көрген музей басылымдарының мәтінін дайындауға қатысып, нәтижесінде «Маңғыстаудың зергерлік өнері» кітабы, «Киіз үйдің жүннен жасалған бұйымдары», «Текеметтің түрлері», кітапшалары жарыққа шықты. «Маңғыстаудың киіз үйі» атты бейнефильмді түсіру бағдарламасын дайындауға тікелей қатысқан.
Осы жылдар ішінде музей қорынан жасақталған облыс, Республика көлеміндегі және шет елдерге апарылған жәдігерлер құжаттарының дайындалуына, көрмелердің безендірілуіне үлес қосқан.
Музейдің осы жылдарда жасақталған жаңа экспозиция залдарына, соның ішінде «Маңғыстаудың ХХ ғасырдағы тарихы», «Археология», Әбіш Кекілбаев шығармашылығына арналған залдарының жасақталуына қатысқан.
2017 жылы «Отпан» МКҚК – директорының орынбасары қызметіне ауысқан. Қазіргі таңда кәсіпорынның директоры міндетін атқарушы болып қызмет атқарады.
Жанұясы бар. Жолдасы – Отарбаев Жанәділ. Динара, Нұргүл есімді қыздары бар.
Кетеева Жадыра Жақсылыққызы 1975 жылдың 1 қазанында Маңғыстау облысы Ералиев ауданы (қазіргі Қарақия) Жетібай поселкесінде дүниеге келген. Әкесі – Кетеев Жақсылық, ұзақ жылдар мұнай саласында қызмет еткен. Анасы Сейлханова Замзе, үй шаруасындағы «Алтын алқа» иегері.
1982 жылы Жетібайдың №8 орта мектебінің табалдырығын аттап, 1992 жылы осы мектепті бітіріп шыққан.