Сағынғалиұлы Данияр
Облыстық М. Өскінбаев атындағы филормония директоры
Өмірбаян
Базарбаев Бекбол Таңатарұлы /Базарбаев Бекбол Танатарович/
М.Өскінбаев ат. Маңғыстау облыстық филармония МКҚК-ның директоры
10 қыркүйек 1960 жылы Өзбекстан республикасының Сырдария облысында дүниеге келген
Білімі: жоғары
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: ҚР-ның білім озаты
Жалпы жұмыс өтілі: 37 жыл
Саладағы жұмыс өтілі: 37 жыл
1973-1978жж-Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік Консерваториясының домбыра-тенор мамандығы бойынша бітіріп, концерттік орындаушы және оқытушы квалификациясы берілген.
Еңбек жолын 1983 жылдан Қызылорда музыкалық училищесінінің ұлт аспаптар мамандығының оқытушысы.
1984-1992 жылдар аралығында Шымкент облысының Жетісай мәдени ағарту училищесінде домбыра класының оқытушысы және дирижерлау мамандығы бойынша қызмет атқарды.
1992-1997 жж.. Шымкент облысының Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай педагогикалық колледжінде музыка бөлімінің және орыс мектеп бөлімінің меңгерішісі.
1997-1998жж К.А.Яссауи ат. Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы «Сырдария» колледжінің мәдениет, денсаулық және спорт бөлімінің бастығы.
1998-2001 жж. Маңғыстау өнер колледжінде домбыра класының мұғалімі және оқу жұмыстары директорының орынбасары.
2001-2004жж. Маңғыстау облыстық филармония директоры.
2006-2012 жж «М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармония» МКҚК-ның директоры.
2013-2017жж Маңғыстау облысының мәдениет басқармасының басшысы
2017 жылдан бастап «М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармония» МКҚК-ның директоры.
2001-2018жж Франция, Сеул, Баку, Өзбекстан, Ашхабад, Түркменбаши т,б сондай-ақ Елбасының 20 қадам Еңбекке, адал кәсіби табысқа ,Отанға қызмет етуге,жоғарғы патриоттық ниеттерге оң көзқарастар қалыптастыратын отандық әлеуметтік мәдени өнімдерді жаңғырту бойынша ОҚО,Атырау, Павлодар қалаларында гастрольдік сапарларды, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмеде шығармашылық ұжымдардың концерттерін жоғары деңгейде ұйымдастырды.
2006 жылы М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармония жанынан кіші симфониялық оркестр құрды.
2014 жылы М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармония жанынан би тобын құрды.
1976 жылы құрылған вокалды аспаптар анасамблі «Ақ шағала», Елбасының «»Рухани жаңғыру»бағдарламасы аясында 2018 жылы жаңғыртылып қайта құрды.
2011,2015,2018жж Маңғыстау облыстық филармониясының ұйымдастыруымен өткізілген Маңғыстаудың тұңғыш кәсіби дирижеры Боздақ Рзаханов атындағы «Сиқырлы таяқша» Республикалық дирижерлар байқауын жоғары деңгейде өткізді.
2009 ж ҚРМәдениет қайраткері төс белгісімен марапатталды.
Елбасының алғыс хатымен марапатталды.
Облыс,қалалық әкімдердің құрмет грамотасы, алғыс хаттарымен марапатталды.
Маңғыстау облысына 40,45 жыл; Ақтау қаласына 50,55 жыл толуларына орай төс белгілерімен марапатталды.
2020 жылы «Құрмет» орденінің иегері