
Тлешов Ербол Ердембекұлы
Тіл саясаты комитетінің төрағасы
Ербол Тілешов 1965 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ Еңбек Қызыл Ту орденді педагогикалық университетін бітірген.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

Тіл саясаты комитетінің төрағасы
Ербол Тілешов 1965 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ Еңбек Қызыл Ту орденді педагогикалық университетін бітірген.

Төрағаның орынбасары
Ғабит Абзалбек 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1997 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, 2006 жылы ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі

Төрағаның орынбасары
Асан Эльмира Арысланқызы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданының Исаханов ауылында 1977 жылы 9 қаңтарда дүниеге келген. 2014 жылы «Болашақ» стипендиялық бағдарламасы шеңберінде Шеффилд университетінің (Ұлыбритания) магистратура бағдарламасы бойынша тәмамдаған. Халықыралық зеррттеулер магистрі. «Болашақ» стипендиялық бағдарламасы шеңберінде 2022-2023 жж. (12 айлық) Джордж Вашингтон университетінде (АҚШ) «Жоғары оқу орындарындағы менеджменттің көшбасшылығы» тақырыбы бойынша тағылымдамадан өтті. Тіл меңгеруі: қазақша, орысша және ағылшынша.

Төрағаның орынбасары
Майраш Кайыргельдіқызы 5 мамырда 1966 жылы Павлодар облысында дүниеге келді. 1990 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін аяқтады. 2019 жылы "Нархоз университеті" Акционерлік қоғамын аяқтады. Саяси ғылымдарының кандидаты. ҚР Құрмет грамотасы
Шайсултан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры


Тіл саясатын іске асыру және тіл заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету басқармасының басшысы


Директор
Мақпал Құрманжанқызы Жұмабай 1985 жылы 24 қыркүйекте Алматы облысында дүниеге келген. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық Өнер академиясының «Кино және телевизия» фаультетін бітірген. Осы мамандық бойынша ғылым магистрі. Мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының лауреаты. ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі. ҚР Жазушылар Одағының мүшесі.