Асан Эльмира Арысланқызы

    Төрағаның орынбасары

    Асан Эльмира Арысланқызы
    Заместитель Председателя

    Асан Эльмира Арысланқызы

    Төрағаның орынбасары

    Өмірбаян

    Асан Эльмира Арысланқызы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданының Исаханов ауылында 1977 жылы 9 қаңтарда дүниеге келген.

    2014 жылы «Болашақ» стипендиялық бағдарламасы шеңберінде Шеффилд университетінің (Ұлыбритания) магистратура бағдарламасы бойынша тәмамдаған. Халықыралық зеррттеулер магистрі.

    «Болашақ» стипендиялық бағдарламасы шеңберінде 2022-2023 жж. (12 айлық) Джордж Вашингтон университетінде (АҚШ) «Жоғары оқу орындарындағы менеджменттің көшбасшылығы» тақырыбы бойынша тағылымдамадан өтті.

    Тіл меңгеруі: қазақша, орысша және ағылшынша.

    1995-1997 жж. Қапланбек зооветеринарлық техникумында әдіскер қызметін атқарды (Қапланбек учхоз, Сарыағаш қ.).

    1997-2001 жж. Түлкібас ауданы орта мектебінің математика пәні мұғалімі қызметін атқарды (Ванновка ст.).

    2001-2002 жж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты жаратылыстану педагогикалық пәндер кафедрасының оқу шебері қызметін атқарды (Шымкент қ.).

    2002-2004 жж. «Фемида» қаржы-құқық колледжінде, Оңтүстік Қазақстан құқықтану, қаржы және қаржы құқығы институтында, Шымкент университетінде Шымкент қаласының білім саласындағы ұйымдарында оқытушы қызметін атқарды.

    2004-2005 жж. «Басқару институты» әдіскері қызметін атқарды, Астана қ.

    2005-2024 жж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің бас маманы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаментінің бас сарапшысы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментінің бас сарапшысы/ басқармасының басшысы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің басқармасы басшысы, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің басқарма басшысы, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Қоғаммен байланыс департаменті директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау және жұмылдыру жұмысы департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарды.

    2024 жылғы қазан айынан бастап ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқаруда.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері