Абзалбек Ғабит Мұхамеджанұлы

    Төрағаның орынбасары

    Абзалбек Ғабит Мұхамеджанұлы
    Заместитель Председателя

    Абзалбек Ғабит Мұхамеджанұлы

    Төрағаның орынбасары

    Өмірбаян

    Ғабит Абзалбек 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
    1997 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, 2006 жылы ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі

    1997-1999 ж.ж. аралығында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Арқа түлегі» газетінің редакторы және аталған оқу орнының «Астана ақшамы» газетінің корреспондент-тілшісі болып жұмыс істеген.

    1999 ж. қараша – 2000 ж. мамыр аралығында ҚР Бас прокуратурасында бас маман-аудармашы.

    2000 ж. мамыр – 2009 ж. қаңтар аралығында ҚР Парламенті Мәжілісі аппаратының аударма бөлімінің консультанты, бас консультанты, Ақпараттық-талдау бөлімінің бас кеңесшісі қызметтерін атқарды.

    2009 ж. ақпан – 2015 ж. мамыр аралығында ҚР Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сарапшысы, инспекторы лауазымдарында болды.

    2015 ж. мамыр – 2017 ж. сәуір аралығында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті және ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті төрағасының орынбасары.

    2017 ж. сәуір – 2020 ж. қазан айлары аралығында ҚР Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің инспекторы, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарды.

    2020 ж. қазан – 2021 ж. сәуір аралығында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары болды.

    2021 ж. сәуір - 2022 ж. қазан аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігі Тіл cаясаты комитеті төрағасының орынбасары болды.

    2022 ж. қазан айынан бастап ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары ретінде қызмет атқаруда.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері