
Өмірбаян
Мақпал Құрманжанқызы Жұмабай 1985 жылы 24 қыркүйекте Алматы облысында дүниеге келген.
Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық Өнер академиясының «Кино және телевизия» фаультетін бітірген. Осы мамандық бойынша ғылым магистрі. Мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының лауреаты. ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі. ҚР Жазушылар Одағының мүшесі.
2003-2008 жылдары – республикалық «Ана тілі» газетінің тілшісі, бөлім редакторы;
2008-2011 жылдары – «Қазақстан» ұлттық телеарнасының Таңғы бағдарламалар бірлестігінің редакторы, шеф-редакторы;
2011-2013 жылдары – «Балапан» телеарнасының шеф-редакторы, продюсері.
2014-2018 жылдары – Қазақстанның www.kitap.kz ашық кітапханасы жобасының жетекшісі.
2018-2021 жылдары – «Balapan» телеарнасының директоры;
2021-2022 жылдары – «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары;
2022-2023 жылдары – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі болып қызмет атқарған.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының бұйрығымен Мақпал Жұмабай Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» республикалық ұлттық-ғылыми практикалық орталығының Бас директоры болып тағайындалды.