Қызметкерлер — Жаңақорған ауданының әкімдігі

    Жаңақорған ауданының әкімдігі басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    5
    Жарқынбек Ғалымжан
    Әкім

    Жарқынбек Ғалымжан

    Жаңақорған ауданының әкімі

    1978 жылғы 28 шiлде Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Өзгент ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті бітірген, мамандығы бойынша егін шаруашылығының ғалым-агрономы.

    Ахметов Бақтияр Мадиярұлы
    Әкімінің орынбасары

    Ахметов Бақтияр Мадиярұлы

    Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары

    Ахметов Бақтияр Мадиярұлы 1979 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Түгіскен ауылында дүниеге келген. 2004 жыл Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Қазақ-Түрік Университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

    Сапарбаев Қайрат Абдрахманұлы
    Әкімінің орынбасары

    Сапарбаев Қайрат Абдрахманұлы

    Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары

    Сапарбаев Кайрат Абдрахманұлы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентінде 08.07.1965 жылы дүниеге келген. 1982-1988 жылдары Ташкент қаласы, Политехникалық институтын инженер-технолог мамандығы бойынша, 2002-2004 жылдар аралығында Каспий қоғамдық университетін «Экономист-финансист» мамандығы бойынша бітірген.

    Жахудаев Нариман Үсенұлы
    Әкімінің орынбасары

    Жахудаев Нариман Үсенұлы

    Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары

    Жахудаев Нариман Үсенұлы 1991 жылы 18 желтоқсанда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. 2013 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «география пәнінің мұғалімі», 2019 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.

    Ибрагим Рүстем Рәбілұлы
    Аппарат басшысы

    Ибрагим Рүстем Рәбілұлы

    Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының басшысы

    Ибрагим Рустем Рабилулы 1975 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған аудыны, Жаңақорған кентінде дүниеге келген. 1994 жылы, Қызылорда СПТУ №9 «Бухгалтер» мамандығы бойынша, 2014 жылы Шымкент қаласындағы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.

    Бөлім

    17
    Шоқыбаева Эльмира Жалғасқызы
    Бөлім басшысы

    Шоқыбаева Эльмира Жалғасқызы

    Цифрлық технологияларды дамыту және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы

    Шоқыбаева Эльмира Жалғасқызы Қызылорда облысы Жаңақорған кентінде дүниеге келген. 2012 жылы Түркістан қаласындағы Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-нің «Түркістан Ахмет Яссауи» кәсіби колледжін «Есептеу техникасы мен автоматтандырылған жүйе бағдарламалық қамтамасыз ету кәсібі»мамандығы; 2017 жылы Шымкент қаласындағы Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетін «Есептеу техникасы мен автоматтандырылған жүйе» мамандығы бойынша бітірген.

    Тұңғышбаев Нұрлан Дайрабайұлы
    Қызметкерлер

    Тұңғышбаев Нұрлан Дайрабайұлы

    Персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің басшысы

    Тұңғышбаев Нұрлан Дайрабайұлы 1975 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. 1992-1994 жылдары Қызылорда кооперативтік техникумы, 1996 жылы ҚРІІМ Шымкент заң колледжі, 2006жылы Алматы экономика және статистика академиясын бітірген.

    Абдуллаев Әбибулла Асанбайұлы
    Қызметкерлер

    Абдуллаев Әбибулла Асанбайұлы

    Құжаттамалық қамтамасыз ету, бақылау және есеп бөлімінің басшысы

    Абдуллаев Әбибулла Асанбайұлы 1979 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Талап ауылында дүниеге келген. 2001 жылы Қазақтың Мемелекеттік аграрлы университетін «егін шаруашылығының ғалым-аграномы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Дюсенбаева Жаннұр Наурызханқызы
    Қызметкерлер

    Дюсенбаева Жаннұр Наурызханқызы

    Мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы

    Дюсенбаева Жаннұр Наурызханқызы 1985 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентінде дүниеге келген. 2007 жылы Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетін «юриспруденция» мамандығы бойынша бітірген.

    Махмутжанов Әбдіғани Әбілпаттаұлы
    Қызметкерлер

    Махмутжанов Әбдіғани Әбілпаттаұлы

    Жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің басшысы

    Махмутжанов Әбдіғани Әбілпаттаұлы 1969 жылы 12 маусымда Қызылорда облысы, Жаңақорған аудында дүниеге келген. 1996 жылы Қарағанды қаласында жоғарғы оқу орнын «инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген.

    Әсенов Семсер Мұсабекұлы
    Қызметкерлер

    Әсенов Семсер Мұсабекұлы

    Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

    Әсенов Семсер Мұсабекұлы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Түгіскен ауылында дүниеге келген. 1999 жылы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлер институты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін экономист-бухгалтер мамандығы бойынша бітірген.

    Төлегенов Әбілғазы Берденұлы
    Қызметкерлер

    Төлегенов Әбілғазы Берденұлы

    Аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы

    Төлегенов Әбілғазы Берденұлы 1968 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қожакент ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту ордені ауылшаруашылығы институтын «ғалым-агроном» мамандығы бойынша бітірген.

    Рахымжанов Махмут Секентайұлы
    Қызметкерлер

    Рахымжанов Махмут Секентайұлы

    Аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы

    Рахымжанов Махмут Секентайұлы 1977 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,Талап ауылында дүниеге келген. 2005 жылы Түркістан қаласы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Қазақ-Түрік Халықаралық Университетін «бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.

    Оразбеков Алмас Зұлхарнайұлы
    Қызметкерлер

    Оразбеков Алмас Зұлхарнайұлы

    Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы

    Оразбеков Алмас Зұлхарнайынұлы 1970 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентінде дүниеге келген. 1993 жылы Қазақстан мемлекеттік басқару академиясын «экономист» мамандығы бойынша бітірген.

    Зейдалиев Талғат Бимағанбетұлы
    Қызметкерлер

    Зейдалиев Талғат Бимағанбетұлы

    Аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы

    Зейдалиев Талғат Бимағанбетұлы 1969 жылы 20 тамыз күні Жаңақорған ауданында дүниеге келген. 1994 жылы Қызылорда ауылшаруашылық техникумын «Зоотехник» мамандығы бойынша, 2009 жылы Шымкент әлеуметтік-педогогикалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Өмірәлиев Даулет Оразәліұлы
    Бөлім басшысы

    Өмірәлиев Даулет Оразәліұлы

    Жаңақорған ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы

    Өмірәлиев Дәулет Оразәліұлы 1993 жылғы 26 наурызында Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. 2014 жылы - Қ.И. Сәтбаев атындағы қазақ ұлыттық техникалық университетін «құрылыс» мамандығы бойынша бітірген.

    Сүлейменов Нұржан Асқарұлы
    Бөлім басшысы

    Сүлейменов Нұржан Асқарұлы

    Аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

    Сүлейменов Нұржан Асқарұлы 1985 жылғы 14 қарашасында Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. 2008 жылы - Қазақ қаржы экономикалық институтын «Есеп және аудит», 2014 жылы - Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «құрылыс» мамандығы бойынша бітірген.

    Айдосова Аягөз Нұржанқызы
    Қызметкерлер

    Айдосова Аягөз Нұржанқызы

    Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы

    Айдосова Аягөз Нұржанқызы 1963 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентінде дүниеге келген. 1990 жылы Алматы шетел тілдері педагогикалық институтын «орта мектептің ағылшын тілі мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.

    Шалабаева Зульфия Құрманалиқызы
    Қызметкерлер

    Шалабаева Зульфия Құрманалиқызы

    Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

    Шалабаева Зульфия Кұрманалиқызы 1978 жылы 21 шілде күні Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. 2004-2008 жылдар аралығында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Режиссер» мамандығы бойынша жоғары білім алды. «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісі сыйлығының лауреаты.

    Бөлім басшысы

    Нұртазаев Марлен Бақытұлы

    Аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы

    Нұртазаев Марлен Бақытұлы 1980 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. 2001 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «экономист» мамандығы бойынша бітірген.

    Кәсіпкерлік және өнеркәсіп
    Бөлім басшысы

    Ахметжанов Жанболат Бекмағанбетұлы

    Аудандық білім бөлімінің басшысы

    Ахметжанов Жанболат Бекмағанбетұлы 1991 жылы 5 тамызда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Шалқия кентінде дүниеге келген. 2009-2015 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «География» мамандығы және Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша магистр дәрежесімен білім алған.

    Кугенбаев Айан Айхынбекұлы
    Бөлім басшысы

    Кугенбаев Айан Айхынбекұлы

    Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы

    Кугенбаев Айан Айхынбекұлы 1991 жылдың 28 қыркүйегінде Жаңақорған ауданы Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылында дүниеге келген. 2006-2010 жылдары Қызылорда қаласында И.Әбдікәрімов атындағы агро-техникалық колледжін "Автомобильге техникалық қызмет көрсету және жөндеу" мамандығы бойынша, 2016-2019 жылдары аралығында Шымкент қаласында "Аймақтық әлеуметтік-инновациялық" университетін, "мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша бітірген.

    Басқа қызметкерлер

    21
    Туғанбаев Серік Сәрсенбайұлы
    Қызметкерлер

    Туғанбаев Серік Сәрсенбайұлы

    Аққорған ауылдық округінің әкімі

    Туғанбаев Серік Сарсенбайұлы Оңтүстік Қазақстан облысы, Киров ауданы, Жамбыл ауылында 1971жылы 03 сәуірде дүниеге келген. 1993 жылы «Алматы зоотехникалық-мал дәрігерлік» институтын «зоотехник» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Оспанов Нұрғали Әлайдарұлы
    Қызметкерлер

    Оспанов Нұрғали Әлайдарұлы

    Байкенже ауылдық округінің әкімі

    Оспанов Нұрғали Әлайдарұлы 1968 жылы 27 қаңтар күні Жаңақорған ауданында дүниеге келген. 1987 жылы Түркістан медициналық училищесін «Фельдшер» мамандығы бойынша, 1998 жылы Алматы қаласы «Туран» тәуелсіз университетін «Заңгер» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Абдуллаев Әлібек Асанбайұлы
    Қызметкерлер

    Абдуллаев Әлібек Асанбайұлы

    Жаманбай батыр ауылдық округінің әкімі

    Абдуллаев Әлібек Асанбайұлы 1977 жылы 3 қыркүйек күні Жаңақорған ауданында дүниеге келген. 1998 жылы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтын «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Қожамжаров Қайрат Тұрсынұлы
    Қызметкерлер

    Қожамжаров Қайрат Тұрсынұлы

    Екпінді ауылдық округінің әкімі

    Қожамжаров Қайрат Тұрсынұлы 1970 жылы 01 ақпан күні Жаңақорған ауданында дүниеге келген. 2005 жылы Қазақ -Өзбек гуманитарлық университетін «химия және биология пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Бүкеев Әліби Түлешұлы
    Әкім

    Бүкеев Әліби Түлешұлы

    Жайылма ауылдық округінің әкімі

    Бүкеев Әліби Түлешұлы 1977 жылы 02 шілде күні Жаңақорған ауданы Жайылма ауылында дүниеге келген. 1994 жылы алматы қаласындаы әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде география мамандығы бойынша 1998 жылы аяқтаған.

    Кенжебай Сырлыбек Жоламанұлы
    Әкім

    Кенжебай Сырлыбек Жоламанұлы

    Кейден ауылдық округінің әкімі

    Кенжебай Сырлыбек Жоламанұлы 1975 жылы 22 шілде күні Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, «Красная звезда» совхозында дүниеге келген. 1998 жылы Шымкент экономика және құқық колледжін және 2007 жылы Халықаралық гумманитарлық техникалық Университетін «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Байбабаев Жанболат Пернебайұлы
    Әкім

    Байбабаев Жанболат Пернебайұлы

    Көктөбе ауылдық округінің әкімі

    Байбабаев Жанболат Пернебайұлы 1992 жылы 19 қаңтарда ОҚО -да дүниеге келген . 2013 жылы Қ .А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университетін " Құқықтану " мамандығы бойынша бітірген.

    Оразбеков Кенес Жұмаханұлы
    Қызметкерлер

    Оразбеков Кенес Жұмаханұлы

    Қандөз ауылдық округінің әкімі

    Оразбеков Кенес Жұмаханұлы 1979 жылы 18 мамыр күні Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы Қандөз ауылында дүниеге келген 1996-1998 жылдары Алматы қаласындағы №5 кәсіптік училищені жазық басылым баспагері мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1999-2003 жылдар аралығында Түркістан қаласындағы Қ.А.Яссауи атындағы университетті тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шықты. 2004-2006 жылдар аралығында Алматы эконоомика және статистика академиясында есп және аудит мамандығы бойынша білім алған.

    Жиенхожаев Елеусіз Әсетұлы
    Қызметкерлер

    Жиенхожаев Елеусіз Әсетұлы

    Қожакент ауылдық округінің әкімі

    Жиенхожаев Елеусиз Асетович 14.03.1973 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қожакент ауылында туылған. 1995 жылы Жамбыл гидромелиорация құрылыс институтының «Агроөнеркәсіптік кешен саласының экономикасы және оны басқарумамандығы бойынша жоғары білім алған.

    Сейітқасымов Нұрқасым Әбдіхалықұлы
    Қызметкерлер

    Сейітқасымов Нұрқасым Әбдіхалықұлы

    Қожамберді ауылдық округінің әкімі

    Сейітқасымов Нұрқасым Әбдіхалықұлы 1993 жылы 8 сәуір күні Жаңақорған ауданында дүниеге келген. 2015 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «машина жасау» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Ахтаев Әлімхан Сағынбайұлы
    Қызметкерлер

    Ахтаев Әлімхан Сағынбайұлы

    Қосүйеңкі ауылдық округінің әкімі

    Ахтаев Әлімхан Сағынбайұлы 1972 жылы 16 ақпан күні Қосүйеңкі ауылында дүниеге келген. 2014ж. Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университеті «Музыкалық білім» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Әлмешов Алтынбек Елтайұлы
    Әкім

    Әлмешов Алтынбек Елтайұлы

    Қыраш ауылдық округінің әкімі

    Әлмешов Алтынбек Елтайұлы 1986 жылы 16 мамырда дүниеге келген. 2004-2008 жылдары Астана қаласы, С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетинің Техникалық факультеті, «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы бойынша, 2016-2018 жылдары Қызылорда қаласы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша бітірген.

    Сердалиев Бақдаулет Тұрсынбайұлы
    Қызметкерлер

    Сердалиев Бақдаулет Тұрсынбайұлы

    М.Нәлібаев ауылдық округінің әкімі

    Сердалиев Бакдаулет Тұрсынбайұлы 1988 жылы 26 сәуірде Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Машбек Нәлібаев ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы. 1994 – 2005 жылдары Жаңақорған ауданы, Машбек Нәлібаев ауылындағы №196 орта мектебін оқып бітірген. 2005-2010 жылдары аралығында Түркістан облысы, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университетінде оқып, «экономист» мамандығын алған.

    Жұмаділлаев Ақылмұрат Исмаилұлы
    Қызметкерлер

    Жұмаділлаев Ақылмұрат Исмаилұлы

    Сунақата ауылдық округінің әкімі

    Жұмаділлаев Ақылмұрат Исмайылұлы 1977 жылы 8 ақпан күні Жаңақорған ауданында дүниеге келген. 2003 жылы Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетінің Алматы қаласындағы филиалын «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Абдуллаев Мақсат Абдешұлы
    Қызметкерлер

    Абдуллаев Мақсат Абдешұлы

    Аким сельского округа Суттикудык

    Абдуллаев Мақсат Әбдешұлы 1970 жылы 8 қазан күні Жаңақорған ауданында дүниеге келген. 1993 жылы Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтын «Мал дәрігері» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Ибрагимов Әбдірасіл Ысқақұлы
    Қызметкерлер

    Ибрагимов Әбдірасіл Ысқақұлы

    Жаңақорған кентінің әкімі

    Әбдірасіл Ысқақұлы Ибрагимов - Қызылорда облысы, Жаңақорған кентінде 1962 жылдың 18 маусым күні дүниеге келген. Білімі жоғары.1984 жылы Қазақстан Еңбек Қызыл Ту Ордені Ауыл шаруашылық институтының «Агрохимия және топырақтану» мамандығы бойынша бітірген. Ғалым - агроном.

    Ерахынов Ғалымжан Бегайдарұлы
    Қызметкерлер

    Ерахынов Ғалымжан Бегайдарұлы

    Шалқия кентінің әкімі

    Ерахынов Ғалымжан Бегайдарұлы 1972 жылы 18 сәуір күні Жаңақорған ауданы, Құттықожа ауылында дүниеге келген. 1995 жылы Қарағанды қаласы «Қазақтың тұтыну кооперациясы» институтын «экономист» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Аймбетов Бахытжан Набиханұлы
    Қызметкерлер

    Аймбетов Бахытжан Набиханұлы

    Төменарық ауылдық округінің әкімі

    Аймбетов Бахытжан Набиханұлы 1981 жылы 4 наурыз күні Жаңақорған ауданы, Қыркеңсе ауылында дүниеге келген. 2002 жылы Астана қаласындағы Қазақ гуманитарлық заң унивситетін «Заңтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Құлатаев Серікбай Садуақасұлы
    Қызметкерлер

    Құлатаев Серікбай Садуақасұлы

    Жаңарық ауылдық округінің әкімі

    Құлатаев Серікбай Садуақасұлы 1963 жылдың қаңтар айында Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. 1991 жылы Шымкент кооператив техникумын «Азық-түлік тауарларының саудасын ұйымдастыру және тауартану» мамандығы бойынша, 2002 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік Университетін «Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы» мамандығы бойынша бітірген.

    Абуов Икрам Әзизұлы
    Қызметкерлер

    Абуов Икрам Әзизұлы

    Сүттіқұдық ауылдық округінің әкімі

    Абуов Икрам Әзизұлы 1983 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Сүттіқұдық ауылында дүниеге келген. 2005 жылы Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетін «қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.

    Манамбаев Жеңіс Абайұлы
    Қызметкерлер

    Манамбаев Жеңіс Абайұлы

    Қаратөбе ауылдық округінің әкімі

    Манамбаев Жеңіс Абайұлы 1980 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Қаратөбе ауылдық округінде дүниеге келген. 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «тарих және география» мамандығы бойынша бітірген.