
Сапарбаев Қайрат Абдрахманұлы
Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Сапарбаев Кайрат Абдрахманұлы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентінде 08.07.1965 жылы дүниеге келген.
1982-1988 жылдары Ташкент қаласы, Политехникалық институтын инженер-технолог мамандығы бойынша, 2002-2004 жылдар аралығында Каспий қоғамдық университетін «Экономист-финансист» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1988-1989 жылдар аралығында Ташкент қаласындағы ПО «Средазкабель» зауытында инженер-технолог болып бастаған.
1989-1990 жылдар аралығында «Жаңақорған АӨБ «Растениеводство» кооперативінде аға агроном.
1990-1993 Жаңақорған АӨБ «Растениеводство» кооперативінде аға диспетчер.
1993-1998 жылдар аралығында Жаңақорған АӨБ кадр бөлімінің бас маманы.
1998-1999 жж. Жаңақорғанауданы әкімдігінің экономикалық реформалар жөніндегі жетекші маманы.
1999-2000 жж Жаңақорған аудандық ауылшаруашылығы басқармасы стратегиялық жоспарлар және ауыл шаруашылығы өндірісінің мониторингі жөніндегі бас маманы.
2000-2002 Жаңақорған аудандық ауылшаруашылығы басқармасының бас маманы, экономисті.
2002-2012 жж Жаңақорған аудандық ауылшаруашылығы, бөлімінің бас маманы.
2012-2015жж. «Жаңақорған аудандық ауылшаруашылығы бөлімі» басшысының орынбасары.
2015-2016 жж. Жаңақорған кентінің әкімі.
2016-2020 жж Жаңақорған ауданы «СКЗ-U»ЖШС-де Қоршаған ортаны қорғау және халықаралық стандарттар жөніндегі аға менеджер.
2020-2026 жж «Жаңақорған ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ-сі бөлім басшысы.
2026 жылдың 20 сәуірінен бастап осы күнге дейін Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқаруда.



