
Өмірбаян
Әбдірасіл Ысқақұлы Ибрагимов - Қызылорда облысы, Жаңақорған кентінде 1962 жылдың 18 маусым күні дүниеге келген. Білімі жоғары.1984 жылы Қазақстан Еңбек Қызыл Ту Ордені Ауыл шаруашылық институтының «Агрохимия және топырақтану» мамандығы бойынша бітірген. Ғалым - агроном.
Алғашқы еңбек жолын 1984 - 1988 жылдары Казгипрозем институтында инженер - топырақтанушы болып бастаған.
1988-1992 жылдары Қызылорда Казгипрозем іздестіру экспидициясында инженер топырақтанушы,
1992 - 1997 жылдары Жаңақорған аудандық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің төрағасы,
1999 - 2007 жылдары облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің Жаңақорған аудандық филиалының бастығы, Жаңақорған ауданы бойынша өкілі, Жаңақорған аудандық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің төрағасы,
Жаңақорған аудандық жер ресурстарын басқару бөлімінің бастығы,
2007 - 2012 жылдары Жаңақорған кентінің әкімі,
2012 - 2014 жылдары Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары,
2014 - 2018 жылдары «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Қызылорда облыстық филиалының директоры,
2018 жылдан бастап осы күнге дейін жеке кәсіпкерлікпен айналысып келеді.
2022 жылдың 12 шілде күнінен бастап Жаңақорған кентінің әкімі қызметін атқаруда.





