
Аким
Абдуллаев Әлібек Асанбайұлы
Жаманбай батыр ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Абдуллаев Әлібек Асанбайұлы 1977 жылы 3 қыркүйек күні Жаңақорған ауданында дүниеге келген.
1998 жылы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтын «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1998 жылы «Маханбет» шаруа қожалығында жұмысшы болып бастаған.
11.1998-11.2000 ж.ж - «Қаратау» ЖШС-де есепші;
02.2001-08.2013 ж.ж - Жаңақорған ауданы бойынша салық комитетінде есепші, бас маман, бөлім басшысы қызметтерін атқарған.
2013 жылдың 1 қарашасынан бастап осы күнге дейін Жаманбай батыр ауылдық округінің әкімі қызметін атқаруда.





