
Зейдалиев Талғат Бимағанбетұлы
Аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Зейдалиев Талғат Бимағанбетұлы 1969 жылы 20 тамыз күні Жаңақорған ауданында дүниеге келген.
1994 жылы Қызылорда ауылшаруашылық техникумын «Зоотехник» мамандығы бойынша, 2009 жылы Шымкент әлеуметтік-педогогикалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1987 жылы «Красная Звезда» совхозында жұмысшы болып бастаған.
11.1987-10.1989 ж.ж - Совет Армиясы қатарындағы қызметі;
11.1989-03.1994 ж.ж - «Красная Звезда» совхозында ветсанитар;
03.1994-05.1996 ж.ж - Жаңақорған орман шаруашылығының орманшысы;
06.1996-09.1998 ж.ж - «Төлес» ш/қ бригадирі;
12.1998- 12.1999 ж.ж - Жаңақорған орман шаруашылығы жедел қорғау бөлімінің жетекші маманы;
03.2000-06.2002 ж.ж - «Жайылма» ЖШС бас есепшісі;
06.2002-04.2004 ж.ж - «Қыркеңсе ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің әскери есеп столы маманы;
05.2005-08.2013 ж.ж - «Жайылма» ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің бас маманы;
2013-20121 ж.ж - Жайылма ауылдық округінің әкімі;
02.2021-01.2023 ж.ж - Аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы;
2023 жылдың 23 қаңтарынан бастап аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.





