Қызылорда облысы Сырдария ауданы Аманкелді ауылдық округі әкімінің аппараты

    Әкімдік туралы

    «Аманкелді ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    "Сырдария ауданы әкімінің аппараты" КММ-нің Әдеп жөніндегі уәкілі

    Сырдария ауданы әкімі аппаратының басшысы – Байдушев Димаш Серікбайұлы Мекен жайы: Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Абай көшесі №31,2 қабат, №202 кабинет Эл.пошта: [email protected] Жұмыс тел: 8(72436) 79520 (3605) ұялы: 8 705 506 34 55 Қабылдау күндері: әр аптаның жұма күні сағат 10.00-12.00

    20 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі Ескерту. Әдеп кодексі жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 22.02.2022 № 814 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен. 1-тарау. Жалпы ережелер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғам өмірінде ерекше рөл атқарады. Ол қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді және қоғамдық мүдделерді ең үздік және тиімді тәсілмен қанағаттандыруды білдіреді. Мемлекеттік қызмет қоғам мүдделеріне адалдық танытуға және Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік тіл мен басқа тілдерге, Қазақстан халқының дәстүрлері мен ғұрыптарына құрметпен қарауға міндеттейді. Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде мемлекеттік саясатты ұстануға және оны дәйекті түрде іс жүзіне асыруға, қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекет пен оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылуы тиіс. Қоғам мемлекеттік қызметшілер өз міндеттері мен функцияларын заңдарға сәйкес барлық адал ниетімен құзыретті және тиімді түрде орындайды деп есептейді. Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебіне жоғары талаптар қояды. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің осы әдеп кодексі (бұдан әрі – Кодекс) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын белгілейді және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін және парасаттылық атмосферасын қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған. Кодекстің мәтіні мемлекеттік органдардың ғимараттарында көпшіліктің қарауына қолжетімді жерлерде орналастырылады. Осы Кодексте белгіленген қызметтік әдеп стандарттары барлық мемлекеттік қызметшілер үшін міндетті. 2-тарау. Мемлекеттік қызметтің әдептік қағидаттары Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі мынадай қағидаттарға негізделеді: 1) адал ниеттілік – қоғам игілігі үшін мемлекетке кәсіби және жауапты қызмет ету; 2) адалдық – өз міндеттеріне шынайы көзқарас; 3) әділдік – жеке және заңды тұлғалардың, қоғамдық топтар мен ұйымдардың ықпалына қарамастан заңды шешім қабылдау және кез келген мән-жайлар бойынша біржақтылық пен субъективтілік себебінен адамдарды кемсітуге жол бермеу; 4) ашықтық – жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын екенін көрсету және өз іс-қимылының ашықтығын қамтамасыз ету; 5) сыпайылық – азаматтар мен әріптестерге дұрыс және құрметпен қарау; 6) клиентке бағдарлану – мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына толықтай бағдарлай отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және жолданымдарды қарау кезiнде төрешiлдiк көрiнiстерiне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау. 3-тарау. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттары Мемлекеттік қызметшілерге мынадай талаптар қойылады: 1) қарапайым болу, жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептік нормаларды сақтау, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпау; 2) мемлекет мүдделеріне және азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге қарсы тұру; 3) заңда белгіленген шектеулерді сақтау, мүдделер қақтығысын болдырмау; 4) азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік таныту, дөрекілік, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеу, өздерінің әрекеттерімен және мінез-құлқымен олардың тарапынан сынға себепкер болмау; 5) іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, азаматтардың көз алдында өздері өкілі болып табылатын мемлекеттік органдардың абыройы мен беделіне айқын нұқсан келтіретін әрекеттер жасауға жол бермеу; 6) лауазымдық міндеттерді атқаруға байланысты кез келген сипатта құқыққа сыйымсыз уәделерді бермеу және құқыққа сыйымсыз міндеттемелерді алмау; 7) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін қызметтік жағдайын, сондай-ақ онымен байланысты мүмкіндіктерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделерінде, оның ішінде оларға өзінің көзқарасын насихаттау үшін пайдаланбау; 8) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік мүлікті тек нысаналы мақсаты бойынша, лауазымдық міндеттерін және рұқсат етілген қызмет түрлерін орындау үшін пайдалану; 9) қызметтік міндеттерді адал орындауға кедергі келтіретін құқыққа сыйымсыз қаржылық және мүліктік мүдделерді қудаламау; 10) қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан тартыну. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік міндеттерді орындау кезіндегі сырт келбеті мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, ресмилікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпыға бірдей қабылданған іскерлік стиліне сай болуға тиіс. Мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынаста: 1) ұжымда іскерлік және жанашыр өзара қарым-қатынас пен сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал етуге; 2) басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзудың жолын кесуге не оған жол бермеу жөнінде өзге де шараларды қабылдауға; 3) ұжымда әріптестерінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жеке және кәсіби қасиеттерін талқылаудан тартынуға; 4) өзінің мінез-құлқымен бейтараптықтың, әділдіктің, риясыздықтың, жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне құрметпен қараудың үлгісі болуға; 5) қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітушіліктің және оған қолсұғушылықтың кез келген нысандарын болдырмайтын қолайлы моральдық-психологиялық ахуал жасауға бағытталған шаралар қабылдауға; 6) жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларға үйлеспейтін әрекеттер жасауға мәжбүрлемеуге; 7) әріптестеріне қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге; 8) әріптестеріне өзінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлемеуге тиіс. Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясат және қызметтік жұмыс мәселелері жөніндегі өз пікірін, егер ол мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмесе, жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпаратты ашатын болса және мемлекеттің лауазымды адамдарының, мемлекеттік басқару органдарының, басқа да мемлекеттік қызметшілердің атына әдепсіз сөздерді қамтитын болса, көпшілік алдында білдірмеуге тиіс. Мемлекеттік орган қызметінің мәселелері бойынша көпшілік алдында сөйлеуді оның басшысы немесе мемлекеттік органның осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары жүзеге асырады. Мемлекеттік қызметшілер пікірталастарды мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірместен, дұрыс нысанда жүргізуге тиіс. Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, кішіпейілділік танытуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға және қоғамдық имандылыққа қолсұғумен ұштасқан қоғамға қарсы мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс. 4-тарау. Қызметтік әдепті бұзудың профилактикасы бойынша үйлестіру Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган заңнамаға сәйкес қызметтік әдепті бұзудың профилактикасы бойынша үйлестіруді жүзеге асырады. 5-тарау. Қызметтік әдепті бұзғаны үшін жауаптылық Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын бұзуы тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғады.

    22 қаңтар 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    "Сырдария ауданы әкімінің аппараты" КММ-нің Әдеп жөніндегі уәкілі

    ЕШНИЯЗОВ НҰРЖАН ЕРДІЛДАҰЛЫ Телефон нөмері: қызметтік: +7 724-36 79-5-20(3605) ұялы: +7 777 455 6677 Мекенжайы: 120600, Тереңөзек кенті, Абая көшесі №31, 2 қабат, №202 кабинет Қабылдау күні: әр аптаның жұма күні сағат 10.00-12.00

    20 қаңтар 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    «Қызылорда облысы әкімінің аппараты» КММ-нің Әдеп жөніндегі уәкілі

    ӘБДІҚАДЫРБАҒДАТ НАЖМЕДДЕНҰЛЫ Телефон нөмірі: қызметтік: +7 7242 401191 (7065) ұялы:+7 775 125 3025 Мекенжайы: 120003, Қызылорда қаласы, С.Бейбарыс көшесі №1, 6 қабат, №606 кабинет Қабылдау күні: әр аптаның жұма күні сағат 17.00-19.00

    20 қаңтар 2026 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Тұрақты жұмыспен қамту туралы

    Жауап

    «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №482 Заңның 13-бабының 1-тармағына сәйкес жұмыс іздеп жүрген, жұмысы және/немесе табысы (кірісі) жоқ еңбекке қабілетті жастағы жеке тұлғалар жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш білдірген кезде, тұрғылықты жерi бойынша халықты жұмыспен қамту орталығында не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі және жұмыссыз азаматтар үшін өткізілетін «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесіне қатыса алады.

    ·
    Сұрақ

    Кәсіпкерлікпен айналысып, мал шаруашылығын дамыту үшін жер учаскелерін қандай тәртіппен алуға болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Жер кодексінің» 48-бабының талаптарына сәйкес, ауыл шаруашылығымен айналысуға және кәсіпкерлік мақсаттар үшін жер учаскелеріне құқық табыстау сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) арқылы жүзеге асырылады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының «Жер кодексінің» 48-бабының талаптарына сәйкес сатуға арналған жер учаскесі: жер учаскесінің шекарасы айқындалғаннан, жер учаскесінің нысаналы мақсаты және оның кадастрлық (бағалау) құны анықталғаннан, сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізу туралы шешім қабылданғаннан, сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарына хабарлама жариаланғаннан кейін сауда-саттыққа шығарылады. Аукцион, конкурстар аудандық жер қатынастары бөлімі арқылы жүргізіледі.

    ·
    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмекті қалай алуға болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» № 246 Заңына сәйкес, табыстары облыста бекітілген кедейлік шегінен төмен отбасылар үшін тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту орталығына, орталық болмаған жағдайда кент, ауылдық округ әкімдігі арқылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтініш білдіруге болады. Жүгіну барысында отбасының табыстарын алдын-ала есептеу, отбасының жұмысқа қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту және өзге де әлеуметтік бейімдеу шараларына қатыстыру мәселелері бойынша кеңес беру және өтініш қабылдау жұмыстары жүргізілетін болады.

    ·
    Сұрақ

    Өтінішті қалай кері қайтарып алуға болады?

    Жауап

    Өтінішті қайтарып алу үшін келесі әрекеттерді орындау қажет: 1) https://eotinish.kz сайтында авторизациядан өту; 2) «Меніңөтініштерім» бөлімінен қайтарып алғыңыз келетін өтінішті табу; 3) кері қайтарып алуға арыз жіберу үшін «Өтінішті кері қайтарып алу» батырмасын басу; 4) себебінкөрсетіп, ЭЦҚ немесе Digital ID арқылы қайтарып алуға қол қою; 5) мемлекеттік орган кері қайтарып алу өтінішін қарайды. Мемлекеттік орган қайтарып алуды қабылдауы немесе қабылдамауы мүмкін. Оң жауап болған жағдайда «Кері қайтарып алынды» мәртебесі шығады. Қабылданбаған жағдайда өтініш мәртебесі кері қайтарып алуға арыз жібергенге дейінгі мәртебеге оралады.

    ·
    Сұрақ

    Тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекке қалай тұруға болады

    Жауап

    Бұған дейін тұрғын үй кезектілігімен жұмысшы орган болып табылатын, яғни аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі айналысып келсе, 2025 жылдың 24 мамырынан бастап тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алуды, кезекке қоюды, жалға берілетін тұрғын үйлерді бөлуді жүзеге асыру қызметтері жергілікті атқарушы органнан «Отбасы банк» акционерлік қоғамына берілді. Кезекке тұру үшін соңғы бес жыл көлемінде атына тұрғын үй тіркелмеуі тиіс немесе жалғыз баспанасы апатты деп танылғандығы туралы арнайы сарапшылардың эксперттік қорытындысы болған жағдайда, электронды цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып orken.otbasybank.kz ақпараттық жүйесі немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы (ЦОН) арқылы өтінім бере алады.

    ·
    Баспасөз-хабарлама

    «Аманкелді ауылдық округіндегі жаңа қоныстану аймағындағы атауы жоқ көшеге атау беру туралы» Аманкелді ауылдық округі әкімінің шешім жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

    (Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган атауы) «Сырдария ауданы Аманкелдіауылдық округінің әкімі аппаратының» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. (Нормативтік құқықтық актіні қабылдаудың негіздемесі) Аманкелдіауылдық округі әкімінің шешім жобасы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңынажәне Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 26 тамыздағы №2 қорытындысына сәйкес әзірленді. (Мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер) Қажет етпейді. (Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсындажәне ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат) Жоба Сырдария ауданы әкімдігінің ресми-сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/documents/details/892513?lang=kk2025 жылғы 05 қыркүйекте орналастырылды.

    Жарияланды:
    Жоба

    Аманкелді ауылдық округіндегі жаңа қоныстану аймағындағы атауы жоқ көшеге атау беру туралы

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 2572-ХІІ Заңының баптарына, және Облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 26 тамыздағы № 2 қорытындысына сәйкес Аманкелді ауылдық округі әкіміШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Аманкелді ауылдық округінің жаңа қоныстану аймағындағы атауы жоқ көшеге (1-көше) «Балабай Оралбаевтың» есімі берілсін. Аманкелді ауылдық округінің жаңа қоныстану аймағындағы атауы жоқ көшеге (2-көше) «Бәкеш Наймановтың» есімі берілсін. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Ауылдық округі әкімі З.Жаманкулов

    Жарияланды: