«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында кездесу өткізілді

    «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында кездесу өткізілді
    2026 жылдың 22 қыркүйегі күні Қызылорда облысының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі республикалық іс-шаралар жоспары аясында Аманкелді ауылында тұрғындармен кездесу өткізілді.
    Іс-шараға Әділет департаментінің сала мамандары, сот орындаушысы, адвокат және нотариус қатысып, ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
    Кездесу барысында тұрғындардың құқықтық мәселелері бойынша сұрақтарына жауап беріліп, заң талаптары мен азаматтардың құқықтары жөнінде ақпараттар ұсынылды.
    Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру және құқықтық мәселелер бойынша хабардарлығын кеңейту.
    Аманкелді а/о әкімдігі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысы Сырдария ауданы Аманкелді ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары