Қызметкерлер — Қызылорда облысы Сырдария ауданы Аманкелді ауылдық округі әкімінің аппараты

    Қызылорда облысы Сырдария ауданы Аманкелді ауылдық округі әкімінің аппараты басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    1
    Жаманқұлов Зейнұр Қайраддинұлы
    Әкім

    Жаманқұлов Зейнұр Қайраддинұлы

    Аманкелді ауылдық округі әкімі

    Жаманқұлов Зейнұр Қайраддинұлы 1985 жылы 18 шілдеде Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Аманкелді ауылында дүниеге келген. 2003 жылы Аманкелді ауылындағы №42 орта мектепті бітірген. 2007 жылы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің «Химия және биология» пәні мұғалімі мамандығы бойынша аяқтаған. 2007 жылы өзім оқыған мектебім №42 Қ.Баймағанбетов атындағы орта мектепке химия пәні мұғалімі болып қызметке қабылдандым. Оқушыларым химия пәні бойынша аудандық, облыстық, республикалық пәндік олимпиада мен ғылыми жоба жеңімпаздары атанған. 2008 жылы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша химия ғылымдарының магистрі атанған. 2011-2012 оқу жылы қорытындысы бойынша «Үздік мұғалім-2012» марапатымен марапатталған. 2019 жылдан бастап педагог-зерттеуші біліктілігін алды. 2022-2023 оқу жылы Сырдария ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруы мен өткізілген «Үздік химия пәні мұғалімі-2023» жеңімпазы атанды. Мектеп директоры қызметін атқарған тұста №42 Қ.Баймағанбетов атындағы мектеп-лицейі Сырдария ауданының жылқорытындысы бойынша «Үздік әлеуметтік әріптес», екі жыл қатарынан «Үздік білім беру ұйымы» номинациясын иеленді. Отбасылы жұбайы, екі қызы және үш ұлы бар.