Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» № 246 Заңына сәйкес, табыстары облыста бекітілген кедейлік шегінен төмен отбасылар үшін тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту орталығына, орталық болмаған жағдайда кент, ауылдық округ әкімдігі арқылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтініш білдіруге болады. Жүгіну барысында отбасының табыстарын алдын-ала есептеу, отбасының жұмысқа қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту және өзге де әлеуметтік бейімдеу шараларына қатыстыру мәселелері бойынша кеңес беру және өтініш қабылдау жұмыстары жүргізілетін болады.