Қызметкерлер — Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы

    Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    3
    Артаев Бахтияр Ғарифоллаұлы
    Қызметкерлер

    Артаев Бахтияр Ғарифоллаұлы

    Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы

    14 наурыз, 1983 жылы Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген. Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану», «Менеджмент», Қазақ спорт және туризм академиясын «Дене шынықтыру және спорт», ҚазТұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген. «Құқықтану», «Дене шынықтыру және спорт» магистрі.

    Айекешов Жігер Оңдасынұлы
    Қызметкерлер

    Айекешов Жігер Оңдасынұлы

    Басқарма басшысының орынбасары

    11 желтоқсан 1985 ж.т. Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Аранды ауылында дүниеге келген. «Болашақ» университетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығын бітірген.

    Жұматов Серік Айдарбекұлы
    Қызметкерлер

    Жұматов Серік Айдарбекұлы

    Басқарма басшысының орынбасары

    Жұматов Серік Айдарбекұлы 1980 жылы 7 қарашада Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. 1997-2002 жылдары Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Тау-кен инженер-мұнайшы», 2007-2009 жылдары Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетінің «Қаржы бакалавры» біліктіліктері бойынша бітірген.

    Басқа қызметкерлер

    3
    Сихымов Ғалым Бітімбайұлы
    Қызметкерлер

    Сихымов Ғалым Бітімбайұлы

    Бұқаралық спорт бөлімінің басшысы

    29 наурыз 1974 жылы Қызылорда облысы, Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1990 жылы № 12 І. Қабылов атындағы қазақ орта мектебінде 11 сыныпты бітірген. 1990-1994 жылдары Қорқыт ата атындағы Қызылорда педагогика институтының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, 2009-2010 жылдары Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Экономика бакалавры» мамандығы бойынша бітірген. Ауыр атлетикадан«Қазақстан Республикасының спорт шебері», «Халықаралық дәрежедегі төреші», «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атақтарын алған.

    Елжанова Гүлнар Серғалиқызы
    Қызметкерлер

    Елжанова Гүлнар Серғалиқызы

    Мемлекеттік тапсырыс және талдау бөлімі

    26 қаңтар 1980 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде дүниеге келген. 1995 жылы М. Фрунза атындағы № 27 орыс орта мектепте 9 сыныпты бітірген. 1995-1998 жылдары Қызылорда есеп – сауда колледжінде бухгалтер – экономист, 1998-2000 жылдары Қарағанды экономикалық университетінде экономист-қаржыгер, 2001-2003 жылдары Қызылорда экономика,экология және құқық академиялық университетіне заңгер мамандықтары бойынша бітірген.

    Пайзуллаев Айдос Рахатұлы
    Қызметкерлер

    Пайзуллаев Айдос Рахатұлы

    Туризмді дамыту бөлімінің басшысы

    1994 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданы Шаған ауылында дүниеге келген. 2011 жылы Сырдария ауданы, Шаған ауылындағы № 37 мектепті бітірген. 2015 жылы Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.