
Елжанова Гүлнар Серғалиқызы
Мемлекеттік тапсырыс және талдау бөлімі
Өмірбаян
26 қаңтар 1980 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде дүниеге келген. 1995 жылы М. Фрунза атындағы № 27 орыс орта мектепте 9 сыныпты бітірген. 1995-1998 жылдары Қызылорда есеп – сауда колледжінде бухгалтер – экономист, 1998-2000 жылдары Қарағанды экономикалық университетінде экономист-қаржыгер, 2001-2003 жылдары Қызылорда экономика,экология және құқық академиялық университетіне заңгер мамандықтары бойынша бітірген.
05.2001-06.2004 жылдары Қызылорда облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі (қаржы полициясы) департаментінде хатшы.
06.2004-05.2005 жылдары Төретам кенті әкімі аппаратының бас маманы.
05.2005-01.2006 жылдары Ақай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.
01.2006-09.2007 жылдар аралығында Қармақшы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік – құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы-заңгер.
09.2007-04.2010 жылдары Қызылорда облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының туризм және ұйымдастыру – құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы-заңгер.
04.2010-05.2022 жылдары Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының әкімшілік бөлімінің басшысы.
05.2022-02.2024 жылдары Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және талдау бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.
01.02.2024 жылдан бастап Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының мемлекеттік тапсырыс және талдау бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.
Осы еңбектері үшін бірнеше рет облыс және қала әкімдіктерінің, ҚР Туризм және спорт министрлігінің алғыс хаттарымен марапатталған.

