Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы

    Басқарма туралы

    Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметіне басшылық жасау, басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуын және оның функцияларының жүзеге асырылуын ұйымдастыру. Өз құзыреті шегінде басқарманың функционалдық міндеттерін жүзеге асыру аясында орталық атқарушы органдармен, облыстық деңгейдегі басқармалармен, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарымен байланыс жасау, олармен қарым-қатынаста басқарманың мүддесін, сонымен қатар, сот және құқық қорғау органдарымен қарыма-қатынаста басқарманың мүддесін білдіру.

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Бірінші санатты спорт төрешісі біліктілік санатын алу тәртібі қандай?

    Жауап

    Бірінші санатты спорт төрешісі біліктілігі – бұл кәсіби білім мен тәжірибені ресми түрде таныту, оған арналған арнайы оқу, тестілеу және федерациядан растайтын құжат алу процесі. Біліктілікке өтініш беру үшін өтініш, ұсыныс хат, семинардан өткені туралы анықтама, төрешілік тәжірибесін растайтын құжаттар және 2 фотосурет жинап, жергілікті спорт федерациясына тапсырады.

    ·
    Сұрақ

    «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» үшін қандай құжаттар қажет?

    Жауап

    Спорт федерациясын аккредиттеу – федерацияның ресми тіркеліп, заңды түрде жұмыс істеуіне рұқсат алу процесі. Аккредиттеу үшін федерация жарғысы, спорт түрі бойынша бағдарлама жобасы және басшылар туралы мәліметтер қажет. Құжаттар дайындалған соң, жергілікті халыққа қызмет көрсету орталығына

    ·
    Сұрақ

    Балалар мен жастарға арналған тегін спорт секциялары мен клубтарына қалай қатысуға болады?

    Жауап

    Қатысу үшін әкімдіктің сайты, спорт мектебі немесе бос уақыт орталығы арқылы тіркелу қажет. Сабақ кестесі алдын ала жарияланады. Барлық балалар, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалар, медициналық анықтама және ата-аналардың рұқсатымен қатыса алады. Сабақтар тегін өткізіледі, қажет болса көмекші нұсқаушылар және бейімделген жабдықтар беріледі

    ·
    Сұрақ

    Спорт федерациясынын аккредитацияны қалай алуға болады?

    Жауап

    Спорт федерациясының аккредитациясын алу үшін eGov.kz порталы арқылы жарғыны, басқару құрылымын және даму бағдарламаларын қоса отырып, жергілікті атқарушы органға өтініш беру қажет. Өтініш электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған .

    ·
    Сұрақ

    Аккредиттелген жергілікті спорт федерациялары әзірлеген облыстық спорттық жарыстардың ережелерін (регламенттерін) бекіту қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Басқармаға қағаз жүзінде, электронды пошта арқылы немесе «Е-өтініш» АЖ арқылы жолдай отырып, басқарманың келісімін алу арқылы жүзеге асырылады.

    ·
    Ақпарат

    ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА «Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары «Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы» КММ

    Жарияланды: