2026 жылғы көрсеткіштер мен атқарылған жұмыстар есебі

    Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы

    ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ

    1. Жалпы мәліметтер және қаржыландыру

    №

    Көрсеткіш / Бағыт

    Мәліметтер мен сипаттама

    1

    Жалпы қаржыландыру (2022 жылдан бастап)

    Сыр спортына барлық көздерден 68 млрд. 815 млн. теңге (құрылыс жұмыстарын қоса есептегенде) бөлінді.

    2

    2026 жылғы бюджет

    Облыстық бюджеттен 28 млрд. 118 млн. теңге қарарылды («Ауыл ел бесігі» бойынша 6 спорт кешен және «Қызылорда Арена» қаржысы қоса есептелген).

    3

    Басшылық пен штат

    Басшысы – Артаев Бахтияр Ғарифоллаұлы. Қызметкерлер саны – 25 (оның ішінде 13 мемлекеттік қызметші, 12 штаттан тыс маман).

    4

    Бағынысты мекемелер

    Басқармаға бағынысты мекемелер саны – 32.

    5

    Бұқаралық спорт көрсеткіші

    Өңірде 377 мыңнан астам тұрғын жүйелі түрде шұғылданады. Халықтың 44,6 пайызы (Республикалық индикатор – 42%).

    6

    Балалар-жасөспірімдер спорт мектептері (БЖСМ)

    21 спорт мектебінде спорттың 38 түрінен 670 жаттықтырушы-оқытушы 22 099 спортшыны тәрбиелеуде.

    2. Спорт инфрақұрылымы және қамтамасыз ету

    №

    Инфрақұрылым бағыты

    Сипаттамасы мен көрсеткіштері

    1

    Нысандардың жалпы саны

    Облыста 1 538 спорт нысаны бар, ауылдық елді мекендерде – 927 нысан. Жалпы қызметкерлер саны – 3 838 адам. Қамтамасыз ету деңгейі – 56,5%.

    2

    Нысан түрлері бойынша анықтама

    13 стадион, 60 спорт кешен, 2 спорттық манеж, 1 есу базасы, 5 ату тирі, 1 хоккей корты, 1 425 жазықтық құрылғылар, 17 теннис корты, 3 ипподром, 11 бассейн және 806 спорттық залдар.

    3

    Жаңадан салынған нысандар (2022–2026 жж.)

    • 2022 жылдан бері 27 спорт кешені пайдалануға берілді.
    • 2024 ж. қазан: «Samruk-Kazyna Trust» қорымен 3,4 млрд. теңгелік «Теннис орталығы» ашылды.
    • 2025 ж.: 26,5 млрд. теңгелік 11 мың орындық жаңа заманауи стадион ашылды.
    • 2025 ж.: 20,5 млрд. теңгелік «Қызылорда Арена» спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде.
    • 2026 ж.: «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен 5 спорт кешен (Шижаға, Бекарыстан би, Келінтөбе, Қожабақы, Әйтеке би) берілді.

    3. Спорттық жетістіктер (2026 жылдың 9 айы)

    №

    Жетістік категориясы

    Көрсеткіштер мен медальдар саны

    1

    Атақтар мен разрядтар

    • ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы – 3
    • ҚР еңбек сіңірген спорт шебері – 1
    • ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері – 12
    • ҚР спорт шебері – 40
    • ҚР спорт шеберлігіне кандидаттар – 626

    2

    Халықаралық арена

    Әлем және Азия чемпионаттарынан 89 медаль жеңіп алынды (алтын: 34, күміс: 27, қола: 28).

    3

    Республикалық арена

    ҚР чемпионаттары мен кубоктарынан 534 медаль еншіленді (алтын: 192, күміс: 150, қола: 192).

    4. Бұқаралық іс-шаралар (2026 жылдың 9 айы)

    №

    Іс-шара бағыты

    Мәліметтер мен көрсеткіштер

    1

    Жалпы іс-шаралар саны

    Бұқаралық спортты насихаттау мақсатында 265-ке жуық спорттық іс-шара өткізіліп, шамамен 44 мың адам қатысты.

    2

    Күнтізбелік жоспар бойынша

    15 ҚР чемпионаттары мен кубоктары, 3 халықаралық және 28 республикалық турнирлер, 115 облыстық біріншіліктер мен турнирлер ұйымдастырылды.

    5. Алдағы міндеттер мен жоспарлар

    №

    Жоба / Бағыт атауы

    Іске асыру жоспары мен мақсаты

    1

    Бұқаралық спорт үлесі

    Ағымдағы жылы бұқаралық спортпен айналысушылар үлесін 46 пайызға жеткізу және инфрақұрылыммен қамту деңгейін арттыру.

    2

    «Қызылорда Арена» спорт кешені

    Құны 20,5 млрд. теңгені құрайтын көпбейінді кешен (жеке жаттығу залдары, жабық бассейн, сауықтыру залдары) жыл аяғына дейін пайдалануға беріледі.

    3

    Байқоңыр қаласы және жаңғырту

    Байқоңыр қаласында 1 спорт кешенін ел игілігіне табыстау және «Нұр-Сәт» теннис орталығының жазғы кортына (856 млн. теңге) қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу.

    4

    «Олимпиадалық орталық» құрылысы

    Қызылорда қаласынан құны 7 млрд. теңгені құрайтын орталық салу жоспарлануда (аумағы 13 600 ш.м., сыйымдылығы 1 400 адам: бассейн, гимнастика, бокс, дзюдо, ауыр атлетика, фитнес залдары).

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    «Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» КММ-не қарасты мекемелер тізімі

    № Мекеме атаулары Басшысы Жұмыс телефоны 1. «Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ Досманбетов Серік Құттыбайұлы 23-00-24 2. «Олимпиадалық емес спорт түрлерінен жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ Қасымбеков Берік...

    Ақпарат

    2026 жылдың І - тоқсанында өткізілген мемлекеттік сатып алу конкурстары және хаттамалары

    № Конкурстың нөмірі Конкурстың атауы Қорытынды хаттама нөмірі 1 13665929-1 1 С Қазақстанның мемлекеттік мекемелеріне арналған бухгалтерия бағдарламасына қызмет көрсету және жаңартып отыру Хаттама 13665929-ЗЦП1 2025-01-2...

    Ақпарат

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларының сақталу бағытында 2026 жылғы ІІІ тоқсанда атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

    Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы қызметкерлері, сонымен қатар қарамағындағы ұйым басшылары және бас есепшілерінің қатысуымен «Оқушылар сарайының» мәжіліс залында 2026 жылғы 20 тамызында мәжіліс өт...

    Ақпарат

    ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА «Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша

    Ақпарат

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары «Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы» КММ