
Сихымов Ғалым Бітімбайұлы
Бұқаралық спорт бөлімінің басшысы
Өмірбаян
29 наурыз 1974 жылы Қызылорда облысы, Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1990 жылы № 12 І. Қабылов атындағы қазақ орта мектебінде 11 сыныпты бітірген. 1990-1994 жылдары Қорқыт ата атындағы Қызылорда педагогика институтының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, 2009-2010 жылдары Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Экономика бакалавры» мамандығы бойынша бітірген. Ауыр атлетикадан«Қазақстан Республикасының спорт шебері», «Халықаралық дәрежедегі төреші», «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атақтарын алған.
09.1994-05.1997 жылдары аралығында облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ауыр атлетика жаттықтырушысы.
09.1998-01.1999 жылдары № 222 орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.
01.1999-11.2001 жылдары қалалық спорт және саяхат бөлімінің маманы.
11.2001-06.2007 жылдары облыстық спортқа дарынды балаларғаарналған мектеп-интернаты директорының спорт жөніндегі орынбасары.
06.2007-08.2010 қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы.
08.2010-02.2024 жылдары Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының бұқаралық спорт бөлімінің басшысы қызметін атқарып келген.
01.02.2024 жылдан бастап Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының бұқаралық спорт бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.
Осы еңбектері үшін бірнеше рет облыс және қала әкімдіктерінің, ҚР Туризм және спорт министрлігінің алғыс хаттарымен марапатталған.

