Жұматов Серік Айдарбекұлы

    Басқарма басшысының орынбасары

    Жұматов Серік Айдарбекұлы
    Заместитель руководителя управления

    Жұматов Серік Айдарбекұлы

    Басқарма басшысының орынбасары

    Өмірбаян

    Жұматов Серік Айдарбекұлы 1980 жылы 7 қарашада Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген.
    1997-2002 жылдары Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Тау-кен инженер-мұнайшы», 2007-2009 жылдары Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетінің «Қаржы бакалавры» біліктіліктері бойынша бітірген.

    2003-2005 жылдары «Техэнергосервис-ТН» ЖШС-нің техника қауіпсіздігін сақтау инженері;
    2005-2007 жылдары Қызылорда облысының қаржы департаментінің маманы;
    2007-2010 жылдары «Альянс Банк»АҚ-ның Қызылорда қаласы филиалының маманы, жетекші маманы, бас маманы;
    2010-2011 жылдары «Барыс» Заң агенттігі» ЖШС-нің инспекторы;
    2011-2014 жылдары Қызылорда облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің штаттан тыс есепші, бас маманы, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы;
    2015-2022 жылдары Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы;
    2022-2023 жылдары Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының мемлекеттік тапсырыс және инвестициялық жобалар бөлімінің бас маманы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік және бағдарламалармен жұмыс бөлімінің басшысы;
    2023 жылдан осы уақытқа дейін Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері