
Құсайын Ерлан Бейсембайұлы
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының әкімі
Құсайын Ерлан Бейсембайұлы 1976 жылы 24 желтоқсанда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Бесоба ауылында дүниеге келген. 1999 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. 2006 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін Құқықтану мамандығы бойынша бітірген. 2017 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген.






























