Елубаев Талғат Ахметұлы

    Аким сельского округа

    Елубаев Талғат Ахметұлы
    Аким

    Елубаев Талғат Ахметұлы

    Аким сельского округа

    Өмірбаян

    Елубаев Талғат Ахметұлы 1962 жылы 27 наурызда Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы Комсомольский совхозында дүниеге келген.

    1984 жылы Қарағанды Еңбек Қызыл Ту орденді политехникалық институтын Автомобиль және автомобиль шаруашылығы мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1984 жылдың қазан айында Егіндібұлақ ауданы Комсомольский совхозында автомеханик, Еңбек және техника жөніндегі инженер, бас инженер болып бастаған.

    Әр жылдары Петровка ауылында АҚ "Бастау" инженері, "Қайрат" ЖШС механикаландыру, жылу және энергиямен жабдықтау цехының бастығы, "№2 Автопарк" жылжымалы құрамының техникалық жай-күйін бақылаушы, "Арғымақ" ЖШС троллейбус учаскесінің ауысым шебері, Бұқар жырау аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, "Бұқар Жырау ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" ММ бастығы, "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ бас маманы, Бұқар Жырау ауданы әкімінің орынбасары, "Петровка ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ бас маманы болып істеген.

    2020 жылдың 13 наурызынан – Петровка ауылдық округінің әкімі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері