
Өмірбаян
Ақтанов Абзал Жұмабекұлы 1983 жылы 19 қыркүйекте Қарағанды облысы Ульянов ауданының Ульяновский кентінде дүниеге келген.
2005 жылы ҚҚЭУ-ді кеден ісі мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 2002 жылдың қазан айында Қарағанды қаласының ЗТМО Қарағанды облыстық филиалының әлеуметтік төлемдерді есепке алу бөлімінің маманы болып бастады.
2005 жылғы қыркүйектен 2012 жылғы сәуірге дейін – ЗТМО Қарағанды облыстық филиалының ӘЖК жалпы жүйелік қамтамасыз ету және беру бөлімінің біліктілігі жоғары деңгейдегі маманы, екінші санатты.
2012 жылғы сәуірден 2016 жылғы тамызға дейін – аттестаттау нәтижелері бойынша ЗТМО ҚОФ жалпы жүйелік қамтамасыз ету бөлімінің біліктілігі жоғары деңгейдегі әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманның жоғары санаты белгіленді.
10.08 - 31.08.2016 жылдары – "ӘТВЕО" департаменті ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы. Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы.
2016 жылдың қыркүйегінен 2017 жылдың наурызына дейін – "Құсмұрын" және "Ақбастау" кеніштерін ұйымдастыру және еңбекақы төлеу бюросының еңбекті ұйымдастыру жөніндегі инженері. "Карагандацветмет" ӨБ Қазақмыс корпорациясы ЖШС. ШҚО, Аягөз ауданы.
2017 жылдың наурыз-маусым айлары аралығында "Карагандацветмет" ӨБ Қазақмыс корпорациясы ЖШС "Құсмұрын" және "Ақбастау" кеніштерін ұйымдастыру және еңбекақы төлеу жөніндегі бюроның еңбекті ұйымдастыру жөніндегі жетекші инженерінің м.а. ШҚО, Аягөз ауданы.
2017 жылғы шілдеден 2020 жылғы қазанға дейін "Вторсырье Караганда" ЖК басшысының өндіріс жөніндегі орынбасары.
2020 жылдың желтоқсанынан 2021 жылдың шілдесіне дейін – "Қарағанды қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы"КММ ізденушілер жұмысы бойынша маман.
2021 жылдың 28 шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін – Бұқар Жырау ауылдық округінің әкімі.




