
Өмірбаян
Қайрат Қожахметұлы Нұрғалиев 1959 жылы 12 қыркүйекте Қарағанды қаласында дүниеге келген.
1983 жылы Алматы зооветеринарлық институтын зоотехник мамандығы бойынша бітірген.
2015 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1983 жылдың қараша айында Талды ауданының Подхозында зоотехник болып бастаған.
1984 жылдың қазанынан 1985 жылдың қаңтарына дейін – Қарағанды ет комбинатының сою алдындағы базасының технологы.
1985 жылдың ақпанынан 1986 жылдың шілдесіне дейін – Қарағанды облыстық асыл тұқымды мал шаруашылығының зоотехник – өткізушісі.
1986 жылдың шілдесінен 1989 жылдың қаңтарына дейін – Агроөнеркәсіп комитетінің етті мал шаруашылығы бөлімінің жылқы шаруашылығы жөніндегі маманы.
Әр жылдары облыстық халықтық бақылау комитетінің инспекторы, Қарағанды облыстық мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру жөніндегі комитетінің бас маманы, Қарағанды облыстық мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру жөніндегі комитетінің Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі объектілерін жекешелендіру бөлімшесінің бастығы, Мемлекеттік мүлік жөніндегі "Серт" шағын мемлекеттік кәсіпорнының директоры, "Нұр Отан"партиясының Қарағанды облыстық филиалы төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді., Қарағанды облысы Агроөнеркәсіптік кешені департаментінің бас менеджері, "Сарыарқа" ӘКК ҰК АҚ бас менеджері, "Сарыарқа" ӘКК ҰК АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі.
2020 жылдың 2 желтоқсанынан бастап қазіргі уақытқа дейін – Қызылқайың ауылдық округінің әкімі.




