
Өмірбаян
Амралин Серік Қабылұлы 1968 жылы 21 шілдеде Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Красная Поляна ауылында дүниеге келген,екі жоғары білімі бар. 1992 жылы Целиноград ауылшаруашылық институтын «инженер-механик», 2012 жылы ЖМ Қарағанды «Болашақ» университетін құқық бакалавры мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы Тельман ауданы Киров атындағы совхозда комбайнер болып бастаған.
1992-2013 жылдары Киров атындағы совхозда аға инженер-механик, №2 бригаданың бригадирі, материалдық-техникалық жабдықтау инженері, Киров атындағы өндірістік кооперативінің бас инженері қызметтерін атқарған.
Бұқар жырау аудандық мәслихатының IV және V шақырылымдарының депутаты болған.
2013-2014 жылдары Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
2014-2020 жылдары Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасында бас маман, егіншілік бөлімінің басшысы, механизация, техникалық инспекция және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
Қазіргі қызметіне тағайындалғанға дейін, 2020 жылдың маусым айынан бастап Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.


