
Амрин Рустамбек Нұрланұлы
Павлодар облысы ТЖД бастығы
Амрин Рустамбек Нұрланұлы 1980 жылы 14 қаңтарда Ресей Федерациясының Омбы қаласында дүниеге келген. Ресей ІІМ Мемлекеттік өртке қарсы қызмет Академиясының Екатеринбург филиалының түлегі, 2004 жылы Омбы заң институтын, 2009 жылы Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институтын, 2018 жылы П.А. Столыпин атындағы Омбы мемлекеттік аграрлық университетін (аспирантура) бітірген. Білімі бойынша мамандығы: "Өрт қауіпсіздігі", " Құқықтану", "Ауыл, орман және балық шаруашылығындағы технологиялар, механикаландыру құралдары және энергетикалық жабдықтар".



